Жи – білім сапасын арттыру аспектісі
Шу қаласы Төле би атындағы орта мектебінде “ЖОО мектеп коллаборациясы: жасанды интеллект ресурстарын сабақта тиімді қолдану арқылы білім сапасын арттыру аспектілері” тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – оқытушылар арасында жасанды интеллект арқылы жасалған оқу материалдарын, сабақ үлгілерін жаңа идеялармен бөлісу арқылы өзара тәжірибе алмасу.
Облыстық тәжірибелік семинарға М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті “Педагогика” кафедрасының меңгерушісі, профессор халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Клара Бұзаубақова, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, экономика ғылымдарының докторы, орман шаруашылығы және жер ресурстары, аңшылық тану мен балық шаруашылығы кафедрасының профессоры Құрманкүл Абаева, Шу ауданы білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаев, аудандық білім бөлімінің әдіскері Эльмира Наурызбаева мен білім мекемелерінің ұстаздары қатысты.
Семинар жұмысы мектеп директоры Ардақ Джаңғарашеваның басшылығымен “Білім берудегі аймақтық көшбасшылық инновациялар және әрекеттегі жасанды интеллект ” атты дөңгелек үстел Кіші академия орталығында бастау алды.
Мектеп ұстаздары А.Асылбекова, Ш.Төлегенқызы, А.Ақынова, Ұ.Абиева, И.Иембергенова, М.Наметкулова, М.Қоштаева, Д.Искакова, Н.Санбаева, Ж.Харсан ашық сабақ үлгілері мен шеберлік шыңдау сағаттарын Р.Қарабекова, М.Шнарбекова тарту етті.
Облыстық білім беру семинары “Жасанды интеллект ресурстарын сабақта тиімді қолдану арқылы білім сапасын арттыру аспектілері” оқу-әдістемелік құралы кітабының тұсау кесу рәсімі мен ұстаздарды марапаттау сертификаттарымен қорытындыланды.
Ләззат Оразбаева,
Шу қаласы.
Суретте: М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің
профессоры Клара Бұзаубақова, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің академигі Құрманкүл Абаева,
Білім бөлімінің басшысы
Жайдар Жазықбаев,
Төле би атындағы орта мектебінің директоры
Ардақ Джаңғарашева.