Ақпараттық портал

Жас өрендердің өнерін шыңдаған байқау

Өнер – ешқашан таусылмайтын қазына. Осы орайда өнерге ғашық, таланты мен талабын сенімді ұштастыра білген жас таланттарды анықтау, олардың өнерге деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында «Жұлдыз болғың келсе…» атты үш номинациядан тұратын өнер байқауы өтті.

Өнер байқауының «Вокал» номинациясына ауданның мектептері мен мәдени ошақтардан 20 үміткер, «Аспапта ойнау» номинациясына 27 үміткер, «Би» жанры бойынша (25 қатысушы үміткер) 7 жеке орындау, 11 кіші топ (187 биші), 7 үлкен топ қатысып (62 биші), өз өнерлерімен додаға түсті.
Әділқазылар алқасының шешімімен байқауымыздың алғашқы номинациясы «Аспапта орындау» жанры бойынша «Бас жүлде» иегері Бірлікүстем ауылынан қатысқан үміткер Қалыбай Еламан («Домалақ ене» о.м., жетекшісі Г.Сербаева), І орын Шу қаласынан қатысқан үміткерлер Жарылқасын Алихан (Т.Рысқұлов мектебі, жетекшісі А.Ислам) және Чумакова Анастасия (Құрманғазы саз мектебі, жетекшісі М.Манойло), ІІ орынды Белбасар ауылынан қатысқан үміткер Жазылбек Нұрай (Ш.Уәлиханов о.м., жетекшісі Ж.Алмаш) ІІІ орынды Көктөбе ауылынан Болатхан Нұрсұлтан (Жамбыл мектебі, жетекшісі А.Әмзеева) және арнайы номинациялар бойынша Шу қаласынан Шалғынбай Дильназ (Макаренко о.м., жетекшісі А.Жиреншиева), Төле би ауылынан Қамшыбай Аяна (аудандық мәдениет үйінің домбыра үйірмесі, жетекшісі Ф.Дайрабаева) және Бірлік ауылынан қатысқан үміткер Аязбай Ерасыл (М.Х.Дулати о.м., жетекшісі Н.Сейсенбаева) сыйлықтармен және мадақтамалармен, сонымен қатар 19 үміткер белсене қатысқаны үшін марапатталды.
Өнер байқауының ІІ кезеңі яғни «Вокал» жанры бойынша І орынды Төле би ауылынан қатысқан Рахметханқызы Айзиза (Ә.Еспаев саз мектебі, жетекшісі К.Шералиева), ІІ орынды Балуан Шолақ ауылынан қатысқан үміткер Сатыбалды Береке (М.Ғабдуллин мектебі, ауылдық мәдениет үйінің үйірме қатысушысы, жетекшісі Ж.Айтбай), ІІІ орынды Көкқайнар ауылынан Бекен Нұрай (С.Естемесов о.м., ауылдық мәдениет үйінен үйірме қатысушысы, жетекшісі Д.Жумагулова), арнайы номинациялармен Шоқпар ауылынан Аманқұл Айару ( О.Жандосов о.м., ауылдық мәдениет үйінің үйірме қатысушысы, жетекшісі Б.Рланов), Қонаев ауылынан Алиев Рамиль (Д.Қонаев о.м., ауылдық мәдениет үйінің «Вокал» үйірмесінің қатысушысы, жетекшісі Б.Жапау), Шу қаласынан Боранқұл Нұрдаулет (Т.Рысқұлов о.м., жетекшісі А.Ислам), Белбасар ауылдық мәдениет үйінен Аман Құралай (Ш.Уәлиханов о.м., ауылдық мәдениет үйінің үйірме қатысушысы, жетекшісі Н.Айбас) және Оразалы батыр ауылынан Дүйсенбек Мейірім (К.Әзірбаев о.м., ауылдық клубта үйірме қатысушысы, жетекшісі Г.Орашшаева) ынталандыру сыйлықтарымен және мадақтамалармен, сонымен қатар 12 үміткер белсене қатысқаны үшін марапатталды.
Байқаудың соңғы номинациясы – «Би» жанры бойынша 6-12 жас (кіші топ) ерекшелігі арасында І орынды Төле би ауылынан «БиАрт» студиясының тобы (жетекшісі М.Серпер), ІІ орынды Бірлік ауылынан қатысқан «Көркем-ай» би тобы (жетекшісі Ж.Кулбекова), ІІІ орынды жеке орындауда Шу қаласынан қатысқан үміткер Досмағұл Салтанат (С.Сейфуллин о.м., жетекшісі Г.Байбуриева) иеленді.
13-17 жас (үлкен топ) ерекшелігі арасында І орынды Шу қаласынан «Айжұлдыз» би тобы (жетекшісі А.Альмахашева), ІІ орынды Көкқайнар ауылынан Уәлихан Айша (С.Естемесов о.м., жетекшісі П.Қарашолақова), ІІІ орынды Көктөбе ауылынан «Айару» би тобы (Жамбыл о.м., үйірме қатысушылары, жетекшісі А.Сауытбек) иеленіп, бағалы сыйлықтармен және мадақтамалармен марапатталды.
Арнайы номинациялармен Абай ауылынан Қуандық Еңлік (Абай о.м., жетекшісі Ә.Маханова), Балуан Шолақ ауылынан «Көркем» би тобы ( ауылдық мәдениет үйінің би үйірмесі, жетекшісі М.Қалыбаева), Ақсу ауылынан «Ақсауыт» би тобы (Баласағұн о.м., жетекшісі Г.Чувашова), Бөлтірік ауылынан «Шұғыла» би тобы (Ә.Молдағұлова о.м., жетекшісі М.Бектемисов) Төле би ауылынан жеке орындауда Сағымбек Талшын ( М.Әуезов о.м., жетекшісі А.Маханова) ынталандыру сыйлықтарымен және мадақтамалармен марапатталды.
Бұл байқаудың жеңімпаздары – тек бүгіннің емес, ертеңгі өнер әлемінің жарық жұлдыздары. Олар өз өнерімен көрермен жүрегін баурап, қазақ мәдениетінің дамуына үлес қосып келеді. Әрбір жеңіс – табандылық пен еңбектің нәтижесі, ал әрбір қатысушы – болашақтың үміті. Сондықтан да бұл байқау өнерге ғашық жандар үшін үлкен мүмкіндік пен шабыттың бастауы болып қала бермек.

Маржан Көпбосынова,
Шу аудандық мәдениет
үйінің мәдени ұйымдастырушысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.