Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету – маңызды міндет
Жаз мезгілінде тұрғын үйлерде терезелердің жиі ашық болуы балалар үшін жоғары қауіп төндіреді. Әсіресе мектепке дейінгі жастағы балалар қоршаған ортаны зерттеуге бейім болғандықтан, қауіп-қатерді толық бағалай алмайды. Терезеден құлау – ауыр жарақаттар мен өлім-жітімге әкелуі мүмкін тұрмыстық жарақаттардың бірі.
Балалардың терезеден құлау жағдайлары көбіне жаз айларында тіркеледі. Негізгі себеп – ата-аналардың қысқа уақытқа болса да баланы қараусыз қалдыруы және қауіпсіздік құралдарының болмауы.
Қауіпті жас тобы:
1–5 жас аралығындағы балалар
Бұл жаста балалар белсенді, бірақ қауіпсіздік дағдылары қалыптаспаған.
2. Қауіп факторлары
Терезенің толық ашық болуы, терезе жанында жиһаздың орналасуы (орындық, үстел, диван)
Масаға қарсы торлардың (москит торы) сенімсіздігі,баланың қараусыз қалуы, қауіпсіздік бекіткіштерінің болмауы
Маңызды: москит торы баланы ұстап қала алмайды, ол тек жәндіктерден қорғанысқа арналған.
3. Құлау жағдайларының ерекшелігі: көп жағдайда оқиға кенеттен, бірнеше секунд ішінде орын алады. Бала терезеге шығып кетеді, торға сүйеніп, бірге құлап кетеді, терезе тұтқасын өздігінен ашып жібереді
4. Алдын алу шаралары
Техникалық қауіпсіздік:
-терезелерге арнайы блокираторлар (шектеуіштер) орнату;
-терезе тұтқаларын құлыпталатын түрге ауыстыру, терезе ашылуын 10–15 см-ден асырмайтын механизм қолдану,қауіпсіздік торлары немесе темір қоршаулар орнату, үй ішіндегі қауіпсіздік.
Терезе маңына жиһаз қоймау, баланың терезеге шығуына мүмкіндік бермеу, баланы қараусыз қалдырмау, әсіресе бөлмеде терезе ашық болса
Тәрбиелік шаралар:
Балаларға терезенің қауіпті екенін түсіндіру
«Терезеге жақындамау» дағдысын қалыптастыру
Үлкендердің бақылауынсыз терезе ашпауға үйрету
5. Ата-аналарға ұсыныстар
Баланы «қауіпсіз ортада» қалдырдым деп сеніп, бақылауды әлсіретпеу
Үйдегі барлық терезелерді тексеріп, қауіпсіздік құралдарымен жабдықтау
Қысқа уақытқа бөлмеден шыққанда да терезені жабу
Қонақта немесе басқа ортада да қауіпсіздікке мән беру
6. Медициналық және әлеуметтік маңызы
Терезеден құлау нәтижесінде: Бас-ми жарақаттары, омыртқа және аяқ-қол сынулары, ішкі ағзалардың зақымдануы жиі кездеседі. Бұл жағдайлар ұзақ емдеуді, кейде өмір бойғы мүгедектікке әкелуі мүмкін.
Балалардың терезеден құлау жағдайлары – толық алдын алуға болатын қайғылы оқиғалардың бірі. Қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау, техникалық құралдарды қолдану және тұрақты бақылау арқылы бала өмірін қорғауға болады. Әрбір ата-ана мен қамқоршының жауапкершілігі – қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету. Баланың өмірі мен денсаулығы – ең жоғары құндылық.
А.Сейтбаева,
Шу аудандық орталық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетіне жауапты.