Ақпараттық портал

Бірлік пен білім додасы

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай аудандық «DOSTIQ» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.
Шу қалалық Жастар ресурстық орталығы өткізген шараға аудан әкімі Б.Жәнібеков пен аудандық мәслихат төрағасы Ж.Әбенов арнайы қатысып, мектеп пен колледжден жиналған жастарға қолдау білдірдік.
Бұл шараның негізгі мақсаты – ұлттар арасындағы достық пен бірлікті нығайту. Сонымен қатар жастардың білім деңгейін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту да аталған ойынның басты міндеттерінің бірі.
Зияткерлік додаға қатысқан жастар тарих, әдебиет, логика, жалпы білім және Қазақстан халқының бірлігі тақырыптары бойынша сұрақтарға жауап беріп, жоғары дайындықтарын көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша А.С.Макаренко атындағы орта мектеп жеңімпаз атанды. Сондай-ақ Д. Қонаев атындағы мектеп оқушылары ІІ орынды алса, Б. Момышұлы атындағы мектеп ІІІ орынға ие болды. Аталған командаларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Байжан ЕМБЕРДІ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.