Ақпараттық портал

Батыр атындағы бәсеке

Жуырда Кеңес одағының батыры Саттар Естемесовты еске алуға арналған “Спорт денсаулық кепілі” атты аудандық футбол турнирі өтті. Аталмыш доданы Көкқайнар ауылдық округінің әкімі аппараты мен “Жастар ресурстық орталығы” бірлесіп ұйымдастырды.
Жеңістің 81-жылдығына арналған футбол турнирінің ашылуында Көкқайнар ауылдық округінің әкімі Қуатбек Жамбылов пен ауыл ақсақалы Бекбосын Доланбаев сөз сөйлесе, ардагер ойыншылар Мұрат Молдабаев пен Ғани Сыдықов төрешілік етті.
Тартысқа толы турнирге ауданның әр қиырынан 10 команда қатысты. Соның нәтижесінде Көкқайнар ауылы – I орын, Еңбекші ауылы -II орын, Ақсу командасы-III орын, Оразалы – ІV орын иеленді.
Сонымен қатар, сайыс соңында «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы» сынды номинациялар беріліп, жүлделер табысталды.
Жеңімпаз командалар Көкқайнар ауылдық әкімдігі тарапынан қаржылай және Жастар ресурстық орталығының бағалы сыйлықтары мен кубок, медаль, Алғыс хаттарымен марапатталды.

Байжан Емберді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.