Ақпараттық портал

Ардагерлер спартакиадасы

«Ардагерлер кеңесі» РКБ Шу аудандық филиалы Шу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс аясында, ардагерлер арасында Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған «Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» тақырыбында аудан ардагерлері арасында спартакиада өтті. Бұқаралық спорт жарысы өтетін күннен бастап, ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Өміралиев пен спорт жетекшісі А.Нашарбеков ауылдық округтегі әкімдер мен ардагерлер кеңесінің төрағаларына хабарласып, өз округтерінен спортшыларды спартакиадаға қатысуын қамтамасыз етуін тапсырды және нәтиже де ауқымды болды.
Спорттың жеті түрінен сынға түскен қатысушылар Шу қаласындағы «Синема парк» мекемесінде сайысқа түсті. Іс–шараны ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Өміралиев салтанатты түрде ашып, ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Дурманов құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлер кеңесінің өкілдері құттықтау сөздермен ізгі тілектерін айтып, қолдау білдірді. Бұқаралық спорт бөлімінің қызметкерлері қатысушыларға спартакиада ережесі мен өту тәртібімен таныстырып өтті.
Аудан әкімдігінің өкілдері мен спорт жетекшілері спорт түрлеріне қатысушыларды бөліп, жарысты бастап кетті.
Жарыс қорытындысы бойынша үздіктердің тізімін атап кетуді жөн көрдік.
1. Асық ату – Раханов Қуат Өндіріс ауылдық округінен.
2. Тоғызқұмалақ (ерлер) – Нашарбеков Аббас Төле би ауылдық округінен.
3. Тоғызқұмалақ (әйелдер) – Рахымбердиева Кулизар Балуан Шолақ ауылдық округінен.
4. Дойбы (ерлер) – Салимов Әшім Төле би ауылдық округінен.
5. Дойбы (әйелдер) – Кеншиева Тұрсынкүл Балуан Шолақ ауылдық округінен.
6. Үстел теннисі (ерлер) – Жексенбаев Малик Дулат ауылдық округінен.
7. Үстел теннисі (әйелдер) – Досманбетов Гуля Бірлікүстем ауылдық округінен.
8. Шахмат (ерлер) – Нарбаев Қазыбай Шу қаласынан.
9. Шахмат (әйелдер) – Мукашева Медеркүл.
10. Бильярд (ерлер) – Шамзиев Асет Ақсу ауылдық округінен.
Барлық жүлделі І-ші, ІІ-ші, ІІІ-ші орын алған жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
М.Балықбаев,
аудандық ардагерлер алқасының мүшесі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.