Ала доп аламаны
Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту және жас буынның бірлігін нығайту мақсатында, аудан әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ ұйытқы болуымен “Жастар кубогы» волейбол турнирі ұйымдастырылды. Мақсаты – жастарды спортқа баулу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және командалық ынтымақтастықты арттыру.
Жарысқа аудан көлемінен жиналған 9 команда қатысып, волейбол алаңында тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен командалар анықталып, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда, І орынды жоғары дайындық деңгейін көрсеткен Домалақ Ене мектебінің командасы жеңіп алды. Бұл команданың ойыншылары алаңда ұйымшылдық пен шеберліктің жарқын үлгісін танытып, қарсыластарына лайықты деңгейде төтеп бере білді.
ІІ орынды Мойынқұм орта мектебінің командасы иеленсе, ІІІ орын М.Мақатаев атындағы тірек орта мектеп командасына бұйырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, ойын барысында ерекше белсенділігімен көзге түскен спортшылар арнайы номинациялармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Балнұр Жексенбекқызы.