Ақпараттық портал

Каналдар құрылысы қашан аяқталады?

Көктем жетісімен кетпен-күрегін арқалаған ағайын үшін судың маңызы әрдайым ерекше. Ал осы саланың мамандарына қоймадағы суды шаруаларға тиімді үлестіру екені белгілі. Алайда арналардың тозуы шаруаларға баратын судың толығымен жетуіне кедергі болып отыр. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында биыл Үкімет аудандағы бірқатар су арналарын жаңғырту жұмыстарын жүргізіп отыр.
Аудан әкімі Бақытжан Жәнібековтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте «ҚазСуШар» РМК Жамбыл облыстық филиалының «Тасөткел су қоймасы» өндірістік бөлімшесі тарапынан құрылысы жүріп жатқан каналдар бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат тыңдалды.
Өндірістік бөлімшенің басшысы Бек-Әли Қызыловтың айтуынша, Шу ауданы аумағындағы су шаруашылығы нысандарына Ислам Даму Банкінің қаржыландыруы есебінен жалпы ұзындығы 275,4 шқ құрайтын 42 каналдың жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жобаның жалпы құны 75,0 млрд теңгеге жуық. Іске асыру мерзімдері 2026-2027 жылдар аралығын қамтиды.
– Жоба мәресіне жеткен кезеңде барлық 275,4 шқ бетондалып, нәтижесінде 31 000 га суармалы алқап сумен қамтылады. Жөндеу жұмыстарына 6 мердігер компания тартылған және 100-ден аса техникалар жұмылдырылды. Сонымен қатар, жобада 240-тан астам жұмысшы жұмысқа алынған. Қайта қалпына келтіру жұмыстарын 3 негізгі магистралды арналар бойынша жүргізу жоспарланған,-дейді Б.Асқарұлы.
Сондай-ақ, сала басшысы «Тасөткел су қоймасы» ӨБ тарапынан 2026 жылғы вегетациялық маусымында ауданның шаруа қожалықтарымен 6958 гектар жерге 337 екі жақты келісімшарт жасалғанын мәлімдеп отыр.
Баяндаманы тыңдаған аудан басшысы құрылыс жұмыстарының сапасы мен тиісті мерзімі, шаруалардың жайы туралы өз пікірін білдірді.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Нариман Абай орындаушылық тәртіп бойынша өз баяндамасын ұсынды.
Нариман Жетпісбайұлының айтуынша, 2025-2026 жылдары аудан әкімімен Шу қаласы мен ауылдық округтерде 2500-ден астам адамның қатысуымен 39 кездесу ұйымдастырылды және ағымдағы жылы 8 аппараттық кеңес өткізілді. Орындалмаған тапсырмалар бар екенін білдік. Мәселені аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі Шу қаласының бас жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жұмыстары облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес белгіленген мерзімінде аяқталмаған. Сонымен қатар, былтыр осал топтарға арналған 140 пәтерді тиісті бөлімнің теңгеріміне өткізбеген.
Одан бөлек, Шу қаласы мен Төле би ауылдық округінің басты көшелеріндегі елді мекеннің сәулеттік келбетіне нұқсан келтіретін ғимараттарға заң талаптарына сәйкес шара қабылдау жұмыстары бөлім назарынан тыс қалып жатыр.
Шаруаға немқұрайды қараған бөлім басшылары мен әкімдерге сын айтылған кеңес аудан әкімінің қатаң ескертуімен түйінделіп, тиісті тапсырмалар жүктелді.

Байжан Емберді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.