Облыстық жарысқа жолдама берілді
Жыл сайын 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында ауданымыздағы мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілетін спартакиада игі дәстүрге айналған. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тауып, жүзден жүйрік шыққандарды анықтады.
Спартакиаданың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Найман Сұлтанбаев қатысып, әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аталмыш спорттық додада халық қызметіндегі жерлестеріміз баскетбол, волейбол, шағын футбол, шахмат, тоғызқұмалақ және өзге де спорт түрлерінен бақ сынады. Қатысушылар спартакиада барысында жоғары дайындық пен командалық ауызбіршіліктің үлгісін көрсетіп, тартысты ойын өрнегін құрай білді.
Тартысты сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, үздік шыққан спортшылар мемлекеттік қызметшілер ара-сындағы облыстық спартакиадаға жол-дамаларды қанжығасына байлады.
-Спартакиаданың басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және әріптестік байланысты нығайту. Қатысушыларға алдағы облыстық жарыста сәттілік тілейміз,-дейді аудан әкімінің аппарат басшысы Н.Абай.
Аппарат басшысының айтуынша, шулық мемлекеттік қызметшілер облыстық спартакиадаға қызу дайындық жүргізуде. Әрі әріптестері аталған жарыстан жүлдемен оралатынына кәміл сенеді.
Қызметпен қатар спортты серік еткен жерлестеріміздің дені жастар болғандықтан бұл бәйгеде ешкімге есе жібермейтініне біз де үміттенеміз.
Байжан Емберді.