Ақпараттық портал

Бірлік пен келісім – ел тұтастығының негізі

Бірлік пен келісім – кез келген мемлекеттің дамуы мен өркендеуінің басты кепілі. Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Елімізде түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, ортақ мақсат жолында еңбек етуде. Бұл – халқымыздың ынтымағы мен өзара сыйластығының жарқын көрінісі.
Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарының бірі – қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік. Әрбір азаматтың ұлтына, тіліне, дініне қарамастан тең құқыққа ие болуы еліміздегі тұрақтылықтың негізін қалайды. Бірлік бар жерде береке, татулық бар жерде табыс болады.
Осы мақсатта кітапханаларда, білім беру мекемелерінде және мәдени орталықтарда түрлі кездесулер мен тәрбиелік шаралар ұйымдастырылып келеді. Мұндай іс-шаралар жастарды достыққа, сыйластыққа және Отанды сүюге тәрбиелейді.
Бірлік пен келісім – халқымыздың ең асыл қазынасы. Ел болашағының жарқын болуы әрқайсымыздың татулық пен ынтымақты сақтауға қосқан үлесімізге байланысты. Сондықтан бейбітшілік пен достықты қадірлеп, еліміздің бірлігі мен тұтастығын нығайту – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Айнур Аскамбаева,
Қонаев ауылдық кітапханасының кітапханашысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.