Ақпараттық портал

Қауіпсіз қоғам қалыптастыру – ортақ міндет

Ауданда құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда. Осы мақсатта аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтіп, онда өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.
Комиссия отырысында аудан көлеміндегі құқықтық тәртіпті сақтау, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды күшейту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауылдық округтердегі профилактикалық жұмыстардың тиімділігі сараланды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Жайдар Саттарқұлұлы Жазықбаев сөз алып, білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен баяндады.
Келесі кезекте Жамбыл облысы Полиция департаментінің «Дельта–Долина» есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Алексей Александрович Ляшок «Қарасора–2026» жедел-профилактикалық іс-шарасына дайындық барысы жөнінде баяндама жасады.
Отырыс барысында аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жадыра Каликов аудан аумағындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар Қорағаты ауылдық округінің әкімі Әділ Диханбаев, Өндіріс ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Сабира Балапанова және Алға ауылдық округінің әкімі Ильяс Шыңғысханұлы өз округтерінде құқық бұзушылық профилактикасы бойынша жүзеге асырылған жұмыстар туралы есеп берді.
Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Найман Кенжеханұлы мен Жамбыл облысы Полиция департаменті Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының бастығы, полиция полковнигі Данияр Асылбеков күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша баяндамашыларға нақты сұрақтар қойып, жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ жауапты мекемелер мен ауылдық округ әкімдеріне құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру және профилактикалық шаралардың сапасын арттыру жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.

Балнұр Жексенбекқызы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.