Ақпараттық портал

ҚОЛДАУ БАР ЖЕРДЕ – ҮМІТ БАР

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, адам өміріндегі ең басты құндылықтардың бірі. Отбасындағы тұрақтылық пен береке қоғамның әлеуметтік әл-ауқатына тікелей әсер етеді.

Осы бағытта Отбасын қолдау орталығы өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен азаматтарға әлеуметтік, психологиялық және құқықтық бағытта көмек көрсетіп, мәселелерін шешуге қолдау білдіреді.
Орталық мамандары отбасылардың жағдайын зерделеп, қажетті қызмет түрлеріне бағыттайды, мемлекеттік – әлеуметтік қолдау шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар бала қауіпсіздігі, отбасы құндылықтарын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады.
Әр отбасыға дер кезінде көрсетілген қолдау – қиындықты еңсеруге жасалған маңызды қадам. Сондықтан орталықтың басты ұстанымы – азаматтарды қиындықпен жалғыз қалдырмай, олардың өмірлік мәселелерін шешуге ықпал ету және болашаққа деген сенімін арттыру.
Қолдау бар жерде – үміт бар. Үміт бар жерде – жаңа мүмкіндік бар.
Шу ауданы
отбасын қолдау орталығы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.