Ақпараттық портал

Әр отбасы – біздің назарымызда

«Отан – отбасынан басталады» деген дана сөз бар. Шын мәнінде, отбасы – адамға өмірдің алғашқы сабағын үйрететін, мейірім мен жылулықты сезіндіретін, қуанышта да, қиындықта да жанынан табылатын қасиетті шаңырақ.

Әрбір отбасының өз тарихы, өз қуанышы мен өз мәселесі бар. Кейде бір ауыз жылы сөз, дер кезінде көрсетілген көмек немесе дұрыс бағыт-бағдар адамның өміріне үлкен өзгеріс әкелуі мүмкін. Сондықтан отбасын қолдау – жай ғана міндет емес, бұл үлкен жауапкершілік пен жүрек жылуын талап ететін маңызды іс.
Осы бағытта Шу ауданы Отбасын қолдау орталығы отбасыларға жан-жақты көмек көрсетіп, олардың мәселелерін шешуге ықпал ететін маңызды әлеуметтік алаңға айналып келеді.
Орталық мамандары өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен азаматтарға әлеуметтік, психологиялық және құқықтық бағытта кеңес беріп, қажетті қолдау көрсетеді. Әрбір өтініш назардан тыс қалмай, мәселенің мән-жайы зерделеніп, азаматқа нақты көмек көрсету жолдары қарастырылады.
Мамандардың жұмысы тек орталық қабырғасымен шектелмейді. Қажет болған жағдайда мобильді топ құрамында елді мекендерге барып, отбасылардың жағдайын зерделейді. Қиындыққа тап болған азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап, тығырықтан шығудың тиімді жолдарын бірге іздейді.
Отбасындағы татулық пен түсіністікті сақтау, бала тәрбиесіне жауапкершілікті арттыру – орталық жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта ата-аналармен кездесулер, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, семинарлар, дөңгелек үстелдер мен психологиялық тренингтер өткізіледі.
Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, отбасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте орталық мамандары тиісті мекемелермен бірлесе отырып, мәселені ерте анықтауға және оның алдын алуға басымдық береді.
Шу ауданы Отбасын
қолдау орталығы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.