Ақпараттық портал

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жылыту маусымының басталуына орай аудан тұрғындарымен үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау, пештер мен мұржаларды уақытылы тазалап, олардың жарамдылығын тексеру, сондай-ақ пештерді қараусыз қалдырмау қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, улы газдан қорғайтын сигнал беретін датчиктерді орнатудың маңыздылығы, балаларды қараусыз қалдырмау және жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану жөнінде ескертілді.
Тұрғындарға жылыту маусымында қауіпсіздік талаптарын сақтап, өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі айтылды.
Аудандық
төтенше жағдайлар
бөлімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.