Мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің негізгі талаптары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген «Мүгедекті және еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі белгіленген.
Куәландырылатын адамның деректері “МОДБ” ААЖ-ға енгізіледі, онда осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автоматтандырылған режимде электрондық МӘС актісі, осы Қағидаларға 17 және 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша МӘС бөлімінің және МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің МӘС жүргізу хаттамаларының журналдары және ережелері, осы Қағидалардың 51-тармағында көрсетілген құжаттар қалыптастырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтер “МОДБ” ААЖ-дан автоматты түрде мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі ақпараттық жүйесіне түседі. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушы немесе оның заңды өкілі “электрондық үкімет” www.egov.kz. веб-порталында “жеке кабинет” арқылы мынадай құжаттарды алады:
1) мүгедектік белгіленген кезде – осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама;
2) ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлеген кезде – мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігінен үзінді көшірме. Еңбек жарақаты және/немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдар үшін – ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігі;
3) ОЖБ-ның кәсіптік бөлігін әзірлеген кезде – мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігінен үзінді көшірме. Еңбек жарақаты және/немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдар үшін – ОЖБ-ның кәсіптік бөлігі;
4) ЖЕА дәрежесі белгіленген кезде – осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама;
5) КЕА дәрежесі белгіленген кезде – осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтамадан және медициналық-әлеуметтік сараптама актісінен үзінді көшірме;
6) зардап шеккен қызметкердің қосымша көмек түрлеріне және күтімге мұқтаждығы айқындалған кезде – осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зардап шеккен қызметкердің көмектің қосымша түрлеріне және күтімге мұқтаждығы туралы қорытынды;
7) кезекті қайта куәландыру кезінде куәландырылатын адам мүгедектігі бар адам деп танылмаған кезде – осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектік тағайындалмауы туралы хабарлама беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері тұрақты тіркелген жері бойынша МӘС бөлімімен көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілінің талабы бойынша қағаз жеткізгіште беріледі
Сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) кезінде құжаттарға “Сараптамалық қорытынды сырттай проактивті шығарылды” деген белгі қойылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері: медициналық ұйымға – №031/е нысанының “МӘС сараптамалық қорытындысы туралы хабарламасы”; көрсетілетін қызметті алушыға (оның заңды өкіліне) – sms-хабарлама.
Алғашқы куәландыру кезінде куәландырылатын адам мүгедектігі бар адам деп танылмаған, ОЖБ-ны әзірлеуге медициналық-әлеуметтік көрсетілімдердің болмауына байланысты ОЖБ әзірлеуге немесе оны түзетуге негізсіз жіберген кезде – куәландырылған адамға немесе заңды өкіліне № 031/е нысанының МӘС сараптамалық қорытындысы туралы хабарламасының телнұсқасы беріледі.
Бекітілгеннен кейін ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігі есепке алу және ұсынылған оңалту іс-шараларын кейіннен орындау үшін автоматтандырылған режимде “Е-собес” ААЖ-ға, ОЖБ-ның кәсіптік бөлігі “Еңбек нарығы” ААЖ-ға келіп түседі.
А.Қалыбай,
бас маман, МӘС№4.