Ақпараттық портал

Таза қол – денсаулық кепілі!

ол қолымен есік тұтқасын немесе көліктегі тұтқаны ұстайды, кейін тура сол тұтқаны сіз де ұстайсыз. Вирустар мен бактериялардың бәрі сіздің қолыңызда қалады. Вирустар мен бактериялар тудыратын көптеген аурулар мен жағдайлар лас қолдар арқылы таралуы мүмкін. Лас қолдардың қауіптілігі неде? Күні бойы біз көптеген түрлі заттарды – есік тұтқаларын, тұтқаларды, таяныштарды, ақшаны ұстаймыз. Осылайша, мыңдаған микроорганизмдер біздің қолымызға көшіріледі. Бактериялардың ағзаға одан әрі енуі дизентерия, тырысқақ, сальмонеллез, гепатит, іш сүзегі, гельминтоз (глистадан туындаған аурулар), ротавирустық инфекциялар сияқты қауіпті аурулардың пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл аурулар “лас қол аурулары” деп аталды. Олардың көпшілігі ауыр өтеді және асқынуларға әкеледі. Тіпті ЖРВИ мен вирустық пневмонияны лас қолдар арқылы жұқтыруға болады.
Қолды таза ұстау ауру тудыратын микроорганизмдердің таралуын болдырмау үшін қарапайым және тиімді қадамдардың бірі. Сабынмен қарапайым қол жуу процедурасы тері бетінен микроорганизмдерді 90%-ға дейін жоюға көмектеседі және инфекцияларды контактілі-тұрмыстық жолмен беруді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді, мысалы, ішек инфекциялары қоздырғыштарының берілу ықтималдығы қолды үнемі жуғанда 40% – ға дейін төмендейді.
Денсаулықты сақтау үшін қолды жуу кезінде мына қарапайым қадамдарды ұстану керек:
* қолыңызды мүмкіндігінше жылы сумен сулаңыз және оларға сабын жағыңыз;
* сабын көбіктенгенге дейін қолыңызды, саусақтар мен тырнақтар арасындағы теріге көңіл бөле отырып, 15 секундтай ысқылаңыз;
* сабынды ағынды сумен шайыңыз;
* қолды бір реттік қағаз сүлгімен құрғатыңыз.
Есіңізде болсын! Таза қолдар – салауатты өмір!
Қолдың тазалығы салауатты өмір салтының негіздерінің бірі екенін ұмытпаңыз.Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
А.Асылбаева,
Шу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.