Ақпараттық портал

Вакцинация деген не және ол не үшін қажет?

ВАКЦИНАЦИЯ дегеніміз – егу, жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану үшін жасалынатын шара. Жұқпалы ауруларға қарсы егу үш бағытта жүргізіледі.
1. Сөзсіз түрде балалар арасында жасалынатын егу (туберкулез, қызылша, қызамық, көкжөтел, күл, сіреспе, гепатит В эпид. паротит, полиомиелит ауруларына қарсы).
2. Кәсіби ауруларға қарсы, яғни ауру жұғу қаупі күшті адамдарға егу (іш сүзегі,түйнемеге қарсы).
3. Эпидемиялық көрсеткіш бойынша, яғни індет даму қаупі төнгенде, эпидемия ошағында (кене энцефалиті, туляремия, т.б.). қарсы.
Профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, тәртібін, оларды жүргізу мерзімдерін және жоспарлы түрде егілуге жататын халықтың топтарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық егілуге құқылы. Қазақстан Республикасында алдын ала жасалынатын егу жұмыстары тек медициналық мекемелерде арнайы дайындалған медицина қызметкерлерімен жасалынады, егу тізбесінде көрсетілген алдын ала егу тек қана ақысыз түрде жасалынады. Қазіргі таңда барлық ата-аналар «екпе» жайында жақсы хабардар, алайда кейбір ата-аналар балаларын егу алдында сенімсіздік білдіреді, өйткені екпе арқылы қорғалатын жұқпалы ауруларды кездестіргендер аз. Аса қауіпті инфекциялар – бұл халықтың арасында өлім-жітіммен және мүгедектенумен жаппай белең алуды тудыра отырып, үлкен аумақтарға тез таралып, адамдардың көпшілігін зақымдайтын, адамнан адамға берілуге қабілетті аурулар. Бұрын ата аналар қызылша және күл ауруларының алдын алу үшін жасалатын екпені түсіндірмей ақ қабылдаған, өйткені бұл індеттерден тіркелген өлім жағдайлары көп болған. Сол сияқты көкжөтел және сал ауруларынан да ата-аналардың қорқыныштары көп болды. Бүкіл әлемде екпе жұмыстары белсенді түрде ұйымдастырылады, Елімізде ұлттың саламаттылығы – бұл жұқпалы аурулардың жұғу қауіптілігінің болмауы, ал бұл осы кеңінен атқарылып жатқан алдын алу, екпе жұмыстарының үздіксіз жүргізіліп келе жатқан егулердің көмегінің арқасында жүзеге асып отыр.
Профилактикалық екпені енгізу алдында медицина қызметкері егілетін адамды қарап-тексеруді жүргізеді. Медицина қызметкері оған не оның заңды өкіліне профилактикалық екпе, ықтимал жанама әсерлері, олардан бас тарту салдары, вакцинадан кейінгі ықтимал асқынулар туралы толық және объективті ақпарат береді. Жазбаша нысанда берілген келісімнің не бас тартудың болуы профилактикалық екпе жүргізудің шарты болып табылады.
Ата-ана! Сіз балаңыздың қандай жұқпалы аурулардан қорғанғанын да білуіңіз қажет.
Екпе күнтізбесіне сәйкес екпе жүргізілетін жұқпалы аурулар:
• Туберкулезге қарсы -1-4 күн, 6 жас (1 сынып);
• В вирусты гепатитке қарсы- 0-1 күн, 2 және 4 айда;
• Салға (полиомиелит) қарсы- 2,3,4, 12-15, 18 айында;
• Күл, сіреспе, көк жөтел-2,3,4 және 18 айда. Ары қарай 6,16 жаста және ересектер арасында 10 жыл сайын;
• «А» типті гемофильді таяқшасымен таралатын аурулар-2, 3, 4 және 18 айда;
• Қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит-1 және 6 жаста;
• Пневмококкты инфекция -2, 4, және 12-15 айда жасалады.
Балаңыздың денсаулығы, қоғамымыздың жарқын болашағы, ата-ана сіздің қолыңызда!
А.Кожанова,
Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бас маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.