Ақпараттық портал

Жемқорлықпен күрес – ортақ міндет

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттілігін асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу жақсылық әкелмейтіні белгілі. Сол себептен, лауазымды адамдардың соттың әділдігі жолында халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыруының маңызы зор.
Халық өздерінің құқықтарын бұзатын, қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс–қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Сыбайлас жемқорлықпен күрес уақыт өткен сайын күшеюде. Бүгінгі таңда бұл қоғамдық індеттің алдын алу, жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру қажеттілігі айрықша күн тәртібіне шығып отыр. Себебі, жемқорлық фактілері қарапайым жағдай емес, ол елдің әлеуметтік-экономиқалық әлеуетін әлсірететін, қоғамды әділетсіздікке ұшырататын, аса қауіпті індет. Сондықтан, парақорлықпен күрестің жылдар бойы жалғасуы заңды құбылыс.
Ел мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың қез келген қөрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту болып табылады. Қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, халықтын құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру де аталған құжаттың басты міндетіне жатады. Әрине, сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында оның алдын алу жұмыстарына көбірек мән берген жөн. Ол үшін жемқорлық көріністерінің белең алуына түрткі болатын факторларды анықтап, мейлінше аурудың алдын алған абзал. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
М.САУЛЕБАЕВ,
Шу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.