Ақпараттық портал

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін сақтаңыз!

Тұрғын үйлердегі және пәтерлердегі өрт оқиғалары көбінесе сол үйлерде тұрып жатқан тұрғындардың кінәсінен болып жатады. Сұрапыл апатты құбылыс жылдар бойы жиылған мүліктерді аяусыз жойып, адамдарға қайғы-қасірет әкеледі. Көбінесе оттың құрбаны және өртке себепші ересектердің өздері, олардың көршілері, балалары болып жатады.
Өртті болдырмау үшін сізге мынадай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаған жөн:
• Электр және газ құралдарын қосулы күйінде қалдырмаңыз, сондай-ақ оған балаларды жақындатпаңыз;
• Уақытша және зақымдалған электр өткізгіш сымдарын пайдаланбаңыз;
• Электресептегіштердегі электрсақтандырғыштар зауыттан дайындалған болуы тиіс;
• Үлкен көлемдегі электр құралдарын бір уақытта қосып электр жүйесіне күш түсірмеңіз;
• Газдың кеміп қалуын тексеру үшін ашық отты қолданбаңыз;
• Сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;
• Бөлмені жылытуға бей-берекет қолдан жасалған электржылытқыш құралдарын қолданбаңыз;
• Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз;
• Өрт және жану оқиғасы болған кезде тез арада телефон арқылы «101», «112» нөмірлеріне хабарласыңыз.
Т.Кариев,
аудандық ТЖБ бастығы,
азаматтық қорғау подполковнигі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.