Ақпараттық портал

Офицер атағы – батыр мамандығы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері запастағы офицерлер қатарынан медициналық қызметтің және басқа да мамандарын 2 жыл мерзімге әскери қызметке және келісімшарт бойынша әскери қызметке шақыру жүргізуде.
Осыған сәйкес, Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде де офицер мамандығын таңдаймын деген азаматтармен жұмыстар атқарылуда.
Қарулы Күштерде қызмет өткеру абыройлы, жалақысы жоғары төленетін кәсіп алу мүмкіндігін береді.
Офицерлер лауазымдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
-Қазақстан Республикасының азаматтығында болуы;
-дені сау болуы;
-әскери лауазымға сәйкес келетін әскери-есептік мамандығының болуы;
-соттылығының болмауы.
Қазақстанда нормативтік құжаттарға сәйкес барлық әскери қызметшілерге белгілі бір жеңілдіктер бар, офицер мен оның отбасына жайлы өмір сүруі үшін жағдай жасалынған.
Екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылуға немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет атқаруға ниет білдірген запастағы медициналық қызметтің офицерлері Төле би ауылындағы Егемберді көшесі №2а ғимаратта орналасқан Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен барлық қажетті мәліметтерді ала алады.
А.Тулбаев,
Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығының МУА, капитан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.