Дала өртіне жол бермейік!
Шу ауданының төтенше жағдайлар бөлімі өрттен сақтану бағытында сақтық іс-шараларын жасақтап, ауыл тұрғындары арасында түсінік жұмыстары жүргізілу үстінде.
Далалық жұмыстар кезінде өрт оқиғаларына жол бермеу үшін жұмысқа қатыстырылатын барлық техникаларды, шаруа қожалық иелері немесе ауыл тұрғындары жарамдылығын тексеру қажет. Жарамсыз деп танылған техникаларды жарамды жағдайда болғанша шөп науқанына пайдаланбау қажет. Жарамсыз техникалар техникалық байқаудан өтпей далалық жерде өрт оқиғасына жол берген болса, төтенше жағдайлар бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Қандай да болмасын нысандарда меншік түріне қарамастан өрт сөндіруге қажетті құрал-жабдықтар құм, су, киіз, күрек, сыпырғыш, соқа, сабан т.б. да құралдар сақадай сай әзір тұруы міндетті.
Сондай-ақ техникаларда-тракторда бір сап күрек, сыпырғыш, сапалақ және жаңа 1 өртсөндіргіш ОП-3 болуы тиісті. Трактордың от шығатын мұржасын қақтан тазартып, от ұшпайтын тор болуы және матор бөлігінен май тамбауы, сонымен қатар электр сымдарында ақау болмауы керек. Сондықтан дала өрті оқиғаларына жол бермеу мақсатында күннің ыстық уақытында шөп шабу жұмыстарын тоқтатып, қос тіркеме тіркемей және тракторларыңыздың тұншықтырғыштарын ұшқын өшіргіштермен жабдықтап, ақауы бар техникалармен далалық алқапқа шықпауларыңыз қажет.
Д.Өмірзақ,
Шу ауданы ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғау капитаны.