ШӨП ҚОРАДАҒЫ ӨРТ
Қора-жайдағы шөптердің өртенуінің басты себептері балалардың отпен ойнауы және тұрғындардың отпен жұмыс істеу кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан шығып отыр. Тұрғын үй секторларындағы қора-жай, шөпханада орын алған өрттің шығуына және өрт қауіпсіздік ережелерінің сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
Тұрғын үй ауласынада қора-жайдағы, шөпханадағы өрттерге жол бермеу мақсатында төмендегі өрт қауіпсіздігін сақтағандарыңыз жөн:
1. Тұрғын үйдің ауласынан шөптерді жинау ғимаратқа және аула алдындағы құрылыстарға дейін кемінде 25метр қашықтықта орналасуын қадағалаңыз.
2. Қоралардың шатырларына және басқа шаруашылық құрылыстарына жинауға тыйым салынады.
3. Мал азығы жем-шөптерді электр тоқ сымдарының астына жинауға тыйым салынады.
4. Мал азығы шөптерді тұрғын үй ауласының сыртқы қоршауынан кемінде 5метр қашықтықта алыстатып жинау керек.
5. Көшелерде, жол бойында, аулалық учаскелерде шөп шошақтарын, шөмеле, маяларды және басқа да ірі жем-шөптерді орналастыруға тыйым салынды.
6. Ірі жем-шөптерді жинау биіктігі жер деңгейінен кемінде 4 метрден аспайтындай етіп орындалады.
7. Қора-жай, шөпхана және шаруашылық құрылыстарында темекі шегуге қатаң тыйым салынды.
8. Қора-жай, шөпхана және шаруашылық құрылыстарында балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз.
9. Қора-жай, шөпхана және шаруашылық құрылыстарының аумағында қи-қоқыс қалдықтарын жағуға жол бермеңіздер.
10. Өрт немесе жану оқиғасы болған жағдайда тез арада дабыл көтеріп, телефон арқылы «101»-ге хабарласыңыздар.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР! Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау әркімнің міндеті мен борышы.
М.Джумурбаев,
Шу ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы