Ақпараттық портал

Дәстүрге айналған “Dostyk CUP”

Мәселен, Шу ауданындағы 1993 жылы туған азаматтар арасында өткізілген “Dostyk CUP” кіші футбол турнирі ерекше атап өтерлік шара болып отыр. Өйткені, қазақы ұғымда “құрдас” деген ұғымды құлатпай, достықты нығайтып әрі тәнді ширатуды мақсат еткен чемпионат бұған дейін 7 мәрте ұйымдастырылған. Аталған аламанға Шу қаласының С.Сейфуллин атындағы және №40 мектебінен қос команда, сондай-ақ “Батыс”, “Қонаев”, “Төле би” командаларынан ордалы жасқа табан тіреген жігіттер қатысуда.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпионатта ауыспалы кубок бар. Оны қатарынан үш рет иемденген команда кубокқа түпкілікті қожайын
болады. Бұған дейін С.Сейфуллин командасы 2 рет, “Батыс” командасы 2 рет
қонақ қабылдаған. Келесі кезек “Қонаев” командасына беріліп отыр.
Сондай тартысқа толы ойынның бірі С.Сейфуллин мектебінің 1993 жылғы туған түлектерінің алаңында өткен. Көлік қызметкерлері күні қарсаңында өткен ойынға Шу қалалық жастар ресурстық орталығы да атсалысқан.
Соңғы сында мергендігімен, әбжілдігімен көзге түсіп, жеңіске жеткен командаларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Тағы бір айта кетерлігі, әкелерінің ойынын тамашалауға кішкентай көрермендер жиі келеді. Сол арқылы олар салауатты өмір салтын ұғынып, өздеріне бекем достық жайлы оймақтай ой түйіп қайтатыны ақиқат.

Б.Емберді

Leave A Reply

Your email address will not be published.