Ақпараттық портал

Қазақстан халқының достығы

Қазақстан – көпұлтты Республика екені бұрыннан белгілі. Кеңестік дәуірде КСРО-дағы жалғыз интернационалды ел аталғанымыз тегін емес. Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр-тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды туған-туыстарындай қабылдады. Сондықтан олар Қазақстанда бақытты өмір сүріп жатыр. Қазір Қазақстан көпұлтты мемлекет атанып отыр. Дәл Қазақстан сияқты ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі – дүниежүзінде ел сирек.
Барлық ұлттардың терезесі тең, мүдде – мақсаты бір және олардың еркін еңбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына, саясатпен айналысуына барлық жағдай жасалған. Бізден басқа мемлекетте дәл біздегідей терезесі тең еңбек етіп, кәсіп жасап, қалаған ісімен айналысып жатқан диаспоралар жоқтың қасы. Сондықтан олар Қазақстанда бақытты өмір сүріп жатыр. Ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халық тек Қазақстанда жасап жатыр.
Бір елде жүзден аса ұлт өкілдерінің дауласпай, жауласпай өмір сүріп жатқаны бұрын-соңды тарихта болмаған жағдай. Өйткені, халықтар достығы біздің саясаттың басты ұстанымы. Олай болса, Қазақстандағы ұлттар достығы жасай берсін!
А.Тулбаев,
Шу ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының МУА, капитан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.