Ақпараттық портал

Ауыл қариялары құрметке бөленді

Жуырда Ақтөбе ауылында Қарттар күніне орай, ауыл әкімі Е.Анатев және Ақтөбе ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Байдәулетов «Қарттарды қадірлей білейік» атты жиын өткізді. Ауылдың қариялары өз ата-аналарының өзіндік өмір жолы туралы әңгімелеп, Отан үшін от кешіп, туған жерді көркейту жолында еткен еңбектерін жоғары бағалады.
Жиын соңында ауылдың қолы ашық әрі бетке ұстар азаматтары да қариялар қауымын мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Сонымен қатар, олар демеушілік көмек көрсетіп, бірқатар қариялардың отбасына мерекелік сый-сыяпат ретінде азық-түлік себетін ұсынды. Атап айтар болсақ, жомарттық танытқан жайсаңдар қатарынан Ж.Құлыншақбаев бір сиыр, Б.Байдәулетов 5 қой, ауылдың учаскелік инспекторы 43 қап пияз, ауыл әкімі аппаратының ұжымы 50 келі, медициналық мекеме ұжымы 50 келі, балабақша ұжымы 25 келі, ветеринарлық пункт ұжымы 75 келі қант алып беріп, игі іске үлес қосты. Жиналған азық-түлік ауылдағы 43 қарияның отбасына таратылды. Нақты айтқанда, әр жанұяға 5 келі ет, 5 келі қант, 1 қап пияздан үлестірілді.
Осындай игі шараға ұйытқы болған ардагерлер кеңесінің мүшелері С.Алиев, Ж.Құлыншақбаев, М.Қойгелдиев, М.Теңізбаев сынды азаматтар мен ауыл әкімшілігі қызметкерлеріне және қолдау білдірген барша жанға ауыл қарттары атынан зор алғысымызды білдіреміз.
Бейқұт Қалымбетов,
зейнеткер,
Ақтөбе ауылы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.