Оқушылар ақын шығармашылығымен сусындады
Жуырда М.Х.Дулати атындағы орта мектепте М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Г.Буканаеваның ұйымдастыруымен, дарынды оқушылар арасында «Таза, терең, өткір, күшті кең тілім» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты – шығармашыл дарынды оқушыларды Мағжан поэзиясымен сусындатып, олардың ақынға арнаған жүрекжарды туындыларын таныстыру.
Шара барысында 7 «Ә» сынып оқушылары А.Шорақұл мен Е.Охас ақынға арнаған жалынды жырларын оқыды. Ақынның өзі жырлағандай, түнек артынан күн туып, егемендік таңы алдында есімі халықпен қайта қауышқан ұлы тұлғаның отты жырлары тәуелсіз елінің жанын жылытып, өзі сенім білдірген жас өркен Мағжан есімін әрқашан азаттық ұранындай жаттап, ұрпақтан-ұрпаққа үлгі ете бермек!
Камшат Кулманова,
М.Х.Дулати атындағы орта мектептің қазақ тілі мен
әдебиет пәні мұғалімі