Ақпараттық портал

Құқықтық сауаттылықты арттыру маңызды

«Сыбайлас жемқорлық» түсінігі (латынша corruptio) – ақшаға сатып алу дегенді білдіреді. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады.
Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамауы, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес уақыт өткен сайын күшеюде. Бүгінгі таңда аталған қоғамдық індеттің алдын алу, жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру қажеттілігі айрықша күн тәртібіне шығып отыр. Себебі, жемқорлық фактілері қарапайым жағдай емес, ол елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін әлсірететін, қоғамды әділетсіздікке ұшырататын, аса қауіпті індет.
Сондықтан, парақорлықпен күрестің жылдар бойы жалғасуы заңды құбылыс. Ел мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «Мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру арқылы оған бүкіл қоғамды тарту болып табылады.
Әрине, сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында оның алдын алу жұмыстарына көбірек мән берген жөн. Ол үшін жемқорлық көріністерінің белең алуына түрткі болатын факторларды анықтап, мейлінше алдын алған абзал.
Сонымен қатар, Шу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының сенім телефоны: 8(72638)3-29-67 болып белгіленгендігін ескертеміз.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
М.Саулебаев,
Шу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.
Э.Ахынова,
Шу аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.