Ақпараттық портал

Тұрғындар назарына!

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті «Қазсушар» РМК-ның Жамбыл филиалы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау бойынша хабарлайды.
Субсидиялау қағидаларының (ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы №6-3/597 бұйрығы. ҚР Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда №12714 болып тіркелді) 10-тармағына өзгерістер енгізді (14 маусым 2024 жылдан күшіне енді (http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500012714). Яғни, суармалы сумен жабдықтау қызметін сатып алу бойынша субсидия тікелей су берушіге бағытталатын болады.
Жер үстімен суару кезінде сатып алынған суаратын судың 1 (бір) м3 арналған субсидия мөлшері тарифтің 50 (елу) пайызын құрайды.
Сондай-ақ, аталған қағиданың 5-тармағына сәйкес, субсидиялау кезінде АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) су берушіге қолданыстағы тариф пен тарифтің субсидияланатын бөлігі арасындағы айырманы төлейді, қалған бөлігі су берушіге субсидия түрінде төленеді. Бұл ретте субсидияларды төлеудің барлық шарттары су беруші мен АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) арасындағы шартта жазылады.

«Тасөткел су қоймасы»
өндірістік бөлімшесі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.