Ана тілінің абыройын асырған күн
Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше құрал. Тіл – бүкіл халықтың баға жетпес байлығы.
Ұлттық құндылықты дәріптеу, балалардың бойында елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту мақсатында 2024 жылдың 10 қыркүйегінде Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен аудандық мәдениет үйінде «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты жасөспірімдер арасында аудандық көркемсөз оқу байқауы өтті.
Ана тілімізге деген сүйіспеншілікті арттыруды көздеген бұл байқауға ауданымыздағы мәдени ошақтардан 19 үміткер қатысып, өлең шумақтарын мәнерлеп оқудан өзара тартысқа түсті.
Әділқазылар алқасының шешімімен І орынды Шоқпар ауылынан келген үміткер Аманқұл Айару, ІІ орынды Абай ауылынан Тәжімұрат Баян, ІІІ орынды Көкқайнар ауылынан Жұмахан Аянат және Балуан Шолақ ауылынан келген үміткер Нұржанқызы Әсел иеленді. Қалған қатысушылар белсене қатысқаны үшін марапатталды.
Байжан Емберді.