Ақпараттық портал

Зорлық-зомбылыққа жол бермеңіз!

Елімізде жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер саны артып келеді. Мұндай келеңсіз жағдайларға қоғамның әлсіз топтары – әйелдер мен балалар, қарттар ұшырайды. Көп жағдайда зиянды әдеттерге бой алдырып, алкоголь, есірткі тұтынған ер-азаматтар отбасының тыныштығын кетіріп, аяғы күш көрсету, зорлық-зомбылықпен қатар психологиялық зорлық-зомбылық көрсетуге дейін алып барады. Бұған қоса, қазіргі сананы тұрмыс билеген заманда жетіспеушіліктің арқасында, тепсе темір үзетін ер-азаматтарымыздың отбасы мүшелеріне масыл болуынан да түрлі келеңсіздіктер туындап жатады. Заңның басым бағыттарының бірі отбасын қолдау және сақтау болғандықтан, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болған әрбір адам заң аясында қорғауда болады. Сол себепті де отбасында орын алатын зорлық-зомбылыққа төзіп отыра бермей, уақытылы құқық қорғау органдарына хабарласып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ деңіз!
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы «Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікке тап болған адамдарға, қатыгездік пен зорлық-зомбылық қаупі салдарынан өмірлік қиын жағдайда» деп танылған әйелдер мен балаларына психологиялық бейімдеу сатысынан өткізу мақсатында көмектер көрсетілетіндігі хабарлайды.
Қатігездік пен тұрмыстық зорлық-зомбылық қаупі салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген, аудан көлеміндегі және елді мекендердегі аналар мен балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсете отырып, қолдау және кеңес береміз. Ажырасу сатысындағы жанұяны қоғаммен әлеуметтендіріп қайта қосуға ықпалдастыру, баланы жетім қалдырмау, ананы қаңғыртпау-біздің басты мақсатымыз. Кабинетке келіп кеңес алған жанұяның отбасылық мәселесі құпия сақталады.Қазіргі таңда Тараз қаласы мен Қордай ауданында Дағдарыс орталығы жұмыс жасап жатыр. Толық анонимді түрде жұмыс көрсетеміз.
Егер, сіз отбасыңызда қиын жағдайға тап болсаңыз, қатыгездік көрсетілген болса, психологиялық күйзеліске ұшырасаңыз, өзіңіз бен балаларыңыздың өмірі үшін қорықсаңыз отбасындағы келеңсіз жағдайдан барар жеріңіз болмаса, төмендегі нөмірлерге хабарласыңыздар.
Сенім телефондарымыз: (8-726-38) 3-29-72, +7-700-029-67-71, +7-747-322-40-70.
Кабинеттің мекенжайы: Шу ауданы, Төле би ауылы, Төле би көшесі №264. Әлеуметтік және психологиялық кеңес беру кабинетінің қабылдау күні мен уақыты: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.