Үміткерлермен кездесу өтті
Шу аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Ақсу, Шоқпар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына үміткерлермен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Серікұлы Ошанов «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының талаптарына сәйкес Ақсу, Шоқпар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарымен таныстырды. Күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттардың іс-әрекеттерін түсіндірді. Оларға үгіт-баспа материалдарын әзірлеу тәртібі, қаржыландыру мәселесі бойынша түсініктеме берді.
Комиссия төрағасының орынбасары Б.Стыбаев кандидаттарды үгіт-насихат жұмыстары тәртібімен таныстырды. Кандидаттарға аудандық, учаскелік сайлау комиссияларының өкілеттіктері туралы түсіндірді. Олардың міндеттері мен өзара іс-әрекеттері туралы толық баяндап өтті.
Сондай-ақ, кандидаттарды дауыс беру тәртібімен, дауыс беру күнгі кандидаттардың сенімді өкілдерінің іс-әрекетімен, құқықтары мен міндеттерімен де құлағдар етті. Дауыс беру күнгі байқаушылар мен БАҚ өкілдерінің міндеттері мен құқықтары туралы да жік-жігін ажыратып берді.
Кездесу соңында кандидаттар өздерінде туындаған сұрақтар бойынша қажетті мәліметтерді алды.
Комиссия төрағасы А.Ошанов кездесуді қорытындылай келе, кандидаттар мен олардың сенімді өкілдерін сайлау барысында қолданыстағы заң талаптарын толық орындауға, үгіт-насихат жұмыстары тәртібін бұзбауға, сайлауды заңнама тәртіптеріне сәйкес өткізуге шақырды.
Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.