Ақпараттық портал

Cалық төлеушілердің назарына!

Шу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы төмендегідей хабарламаны жолдайды.
Қазақстанның салық заңнамасы қызмет көрсететін немесе тауарларды қолма-қол ақшамен сатумен айналысатын кәсіпкерлерді Бақылау-кассалық машинаны қолдануға міндеттейді. Бұл ақшалай түсімдердің есебін жүргізу үшін қажет, ал чек сатып алу-сату шартының бір түрі және сатып алушы үшін кепілдік болып табылады.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 166-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар мемлекеттік тізілімге енгізілген деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрде қолдана отырып жүргізілетіндігін және Бақылау-касса машинасының қолданған кезде тауарға, жұмысқа, қызметке төленген сомаға Бақылау-кассалық машинаның чегін немесе тауар чегін тұтынушыға міндетті түрде беру керек екендігін және әрбір тұтынушы тауарға, жұмысқа және қызметке төленген сомаға фискалды чек талап етуге құқылы екендігін хабарлайды.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар бақылау-кассалық машиналарының тіркеу және қолдану тәртібін бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 284 бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілік көзделгендігін мәлімдейді.

Шу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.