Шу ауданындағы Шу қаласы мен елді мекендерін көктемгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2025 жылғы 1 наурызбен 30 сәуір аралығындағы ауданның елді мекендерінде абаттандыру және санитарлық тазалау екі айлығы жариялансын.
2. Көктемгі тазалықтың екі айлығын өткізу жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспары №1-қосымшаға сәйкес бекітілсін;
3. Көктемгі тазалық екі айлығының өткізілуін бақылайтын штаб құрамы №2-қосымшаға сәйкес бекітілсін;
4. Штаб мүшелерінің бөлінісі №2.1-қосымшаға сәйкес бекітілсін;
5. Арнайы іс-шара жоспары №3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
6. Шу қаласы мен ауылдық округ әкімдері заң талаптарына сәйкес:
1) өздеріне қарасты елді мекендерде көктемгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарының іс-шараларын бекітіп, оны орындау бағытында жұмыстар атқарсын;
2) аулалар маңындағы аймақтарды тазалап ұстауды бақылауға алсын;
3) қала, ауылдық округ қарамағындағы аумақтардың арық жүйелерін және арналарды, тарихи-мәдени ескерткіштерді, зираттар мен мал қорымдарын, қоғамдық орындарды және басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырсын;
4) елді мекендердегі және маңайдағы егілген талдарды, ағаштарды жоюға жол бермеу жөніндегі нақты жұмыстар атқарсын;
5) абаттандыру, көгалдандыру, және санитарлық тазалау жұмыстарының айлықтарына байланысты жұмыстарды атқаруға кең көлемде еңбек ұжымдарын, ауыл тұрғындарын және қоғамдық жұмысқа тартуды жүзеге асырсын;
6) елді мекендерден шығарылатын күл-қоқыстар мен қалдықтарды белгіленген орынға апарылуын қамтамасыз етсін;
7) елді мекендерде қатты қалдықтар төгетін алаңдардың қоршау жұмыстарын ұйымдастырып, оларға баратын көшелерге белгілер орнатсын;
7. Шу қаласы мен ауылдық округтерде орналасқан барлық кәсіпорын, мекемелер, меншіктің нысанындарына қарамастан өндірістік және қоғамдық мекен-жайды, кеңсе маңындағы арықтарды тазалау, қоршауларды сырлау, әктеу, жарықтарды ретке келтіру, жарнамаларды, айырымдық белгілерді жаңарту,безендіру, ағаш екпелерін отырғызу, ағаштарды бұтау жұмыстарын ұйымдастырып бақылауда ұстасын.
8. Шу аудандық полиция бөлімінің басшысы Б.Мусакулов (келісім бойынша):
Жергілікті полиция инспекторлары мен өз аумақтарында тазалықтың сақталуын бақылауда ұстау шаралары қабылдансын.
9. «Шу аудандық баспасы» ЖШС директор-бас редакторы Е.Қартайған (келісім бойынша) ауданның елді мекендерінде көктемгі абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарының жүргізілу барысын әр басылым санында тұрақты жариялауын қамтамасыз етсін.
10. Шу қаласы мен ауылдық округ әкімдері осы қаулының орындалу барысы туралы аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне әр аптаның жұма күндері хабарлама беріп тұру тапсырылсын.
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.А.Абдрашевке жүктелсін.
Аудан әкімі Б.Джанибеков