Жоспар ауқымды, жұмыс қарқынды
Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен
баспасөз конференциясына қатысты
Қайырлы күн, құрметті облыс тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және әлеуметтік
желі қолданушылары!
2025 жылдың үш айында ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері төмендегідей қалыптасты.
Өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі – 8,0 млрд теңге, НКИ 105,9 пайыз (2024 ж. – 7,2 млрд теңге, НКИ 101,4 пайыз).
Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі – 2,8 млрд теңге, НКИ 102,4 пайыз (2024 жылы –2,6 млрд теңге, НКИ 100,4 пайыз).
Инвестиция көлемі – 23,4 млрд теңге, НКИ 149,6 пайыз (2024 ж. – 15,3 млрд теңге, НКИ 124,7 пайыз).
Құрылыс жұмыстары – 2,5 млрд теңге, НКИ 31,9 пайыз (2024 ж. – 7,9 млрд теңге, НКИ 112,5 пайыз).
Тұрғын үй көлемі – 7583 шаршы метр, НКИ 101,3 пайыз (2024 ж. –7486 м2, НКИ 102,8 пайыз).
Сауда айналымы – 3,0 млрд теңге, НКИ 130,8 пайыз, (2024 ж. – 1,8 млрд, НКИ 241,7 пайыз).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,5 млрд теңге, нақты көлем индексі 31,9 пайызды құрады, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 5,3 млрд теңгеге кем орындалды (2024 ж. – 7,9 млрд теңге, НКИ 112,5 пайыз).
Себебі, 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында Шатыркөл кластерінде байыту фабрикасының құрылысына – 7,9 млрд теңге қаражат салынса, 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында «KEGOC» АҚ – 430,0 млн, «JVIKTOR NEW ENERGY» ЖШС 711,5 млн, «Эко Бәйшешек» ЖШС 780,0 млн «Taraz Gelatin» ЖШС 632,6 млн теңге қаражат салған.
Шешімін табу жолдары
«Kazakshtan Hydrogen Peroxide» ЖШС (Сутегі асқын тотығын өндіретін зауыт) жоба құны – 9,1 млрд теңге.
«JVictor New Energy» ЖШС (Кремни өндіретін зауыт) жоба құны – 1,0 млрд теңге.
«Altynalmas Reagents» ЖШС (Натрий цианиды өндірісі) жоба құны – 15,0 млрд теңге. Аталған мекемеде құрылыс-монтаж жұмыстары а.ж. мамыр айында басталды.
Ауданға инвестиция тарту бойынша 2024 жылы жалпы 19 инвестормен кездесулер өткізілсе, 2025 жылы 2 кездесу өткізілді.
Бүгінгі күнге 4 жоба іске асырылып, 3 жоба жүзеге асырылу сатысында.
Іске асырылған жобалар
1) «Jibek joly» арнайы экономикалық аймағында «C9 techonlogies» ЖШС – кассалық чек өнімдерін өндіру. Жоба құны 59,4 млн теңге. Жұмыс орындары – 10.
2) «Chemical Engineering» (Кемикал Инжиниринг) – аммоний бифторидін өндіру (әйнек өндірісінде қолданылады). Жоба құны 226,0 млн теңге. Қуаттылығы жылына 200 мың тонна өнімді құрайды. Жұмыс орындары – 20.
3) «Zhanashyr Project» (Жанашыр Проджект) ЖШС – Жайсан кен орнын өнеркәсіптік игеру жобасы, құны 67,3 млрд теңге. Жұмыс орындары – 210. Қуаттылығы жылына 600 мың тонна кен. Қазіргі таңда, жоспарлы қуаттылығында жұмыс істеуде.
4) «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС – жаңа байыту фабрикасы. Жоба құны 55,7 млрд теңге. Жұмыс орындары 347. Жобалық қуаттылығына 2024 жылдың қараша айында қосылған.
Қазіргі таңда фабриканың заңды мекенжайы Шу ауданына тіркелген.
Жүзеге асырылу сатысындағы жобалар
1) «Zhambyl Minerals (Жамбыл Минералз)» ЖШС (Шоқпар а.о.) – «Аққұдық» кен орнын өнеркәсіптік игеру жобасы. Жоба құны 6,0 млрд теңге. 100 жұмыс орындары. Іске қосу: 2025 жылдың 2-тоқсаны. Ағымдағы жағдайы: «Аққұдық» кен орнынан кен тасымалдауға арналған темір жол тұйығын салу мәселесі қарастырылуда.
2) «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС (Шу қаласы) – темір жол жылжымалы құрамына қызмет көрсету зауыты. Жоба құны 5,0 млрд теңге. Жаңа жұмыс орындары – 150. Зауыттың негізгі корпусының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Іске қосу 2025 жылдың 1-ші жартыжылдығына жоспарланып отыр.
3) «Элнур Адил Групп» ЖШС – макарон өнімдерін өндіру цехы. Жоба құны 1,2 млрд теңгені құрайды. Жылдық қуаттылығы 8 мың тонна өнім. Іске асыру 2024 жылдың 4-ші тоқсанына жоспарланған, қазіргі таңда қажетті жабдықтар орнатылып, құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталып отыр.
Сонымен қатар, құны 355,8 млрд құрайтын 15 жоба «Jibek joly» АЭА-ның қатысушысы ретінде тіркеліп, жер телімдері жалға берілді.
Қазіргі таңда 10 нысанда («JVictorNewEnergy» ЖШС, «Taraz Gelatin» ЖШС, «Kazakhstan Hydrogen Peroxide» ЖШС, «Эко Бәйшешек» ЖШС, «Sunny Group» ЖШС, «Yonggang Central Asia Iron and Steel» ЖШС, «Altynalmas Reagents» ЖШС, «Record Company LTD» ЖШС, «КазТрубЗаводСН» ЖШС, «Batu Agro» ЖШС) құрылыс алаңдарын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 2000-нан аса жаңа жұмыс орындары ашылу көзделуде.
2025 жылдың қаңтар айында екі инвестормен кездесулер өткізілді:
1) «Fufeng Group LTD» компаниясы. Жоба жүгері өңдеу зауытын салуға көзделген. Құны 200,0 млрд теңге. 510 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Қазіргі таңда Алға ауылдық округі аумағынан 400 га жер телімі беріліп, жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
2) «ASK Solar Energy» ЖШС – күн электр станциясы. Жоба құны 68,0 млрд теңгені құрайды. 55 жаңа жұмыс орындары. Қазіргі таңда Шу ауданы, Тасөткел ауылдық округінің аумағынан жер телімі берілді.
Бүгінгі күнге «Jibek joly» АЭА ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін 2300 га жер телімі қосылатын болады.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы
Шу ауданында 2019 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы 5 ауылдық округте іске асырылған. Жобаның бес бағыты бойынша 715 өтінім қарастырылып, барлығы 4,2 млрд теңгеге несиелендірілді.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 5 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, 104,0 млн теңге үй іргесіндегі және ауыл сыртындағы жерлерді игеру мақсатында айналым қаражат ретінде беріліп, шаруашылық иелері ауыл шаруашылығы дақылдарын егуде.
Сонымен қатар, 452,1 млн теңгеге 49 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.
705 ауыл тұрғыны 3,6 млрд теңгеге 21 394 бас мал сатып алды (МІҚ 2168 бас, жылқы – 1093 бас, қой – 18 133 бас ).
Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 5 адам 34,6 млн теңгеге несие алып, жұмыс жасауда.
Нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны осы елді мекендерде 175-тен 32-ге, яғни 81,8 пайызға төмендеді. Жұмыссыздық деңгейі төмендеп, ауыл тұрғындарының тұрмыстық деңгейі артуда.
2024 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасының бесінші бағыты – «Тұрғындардың өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге арналған шағын жобаларын іске асыру» мақсатында 1,487 млрд теңгеге (2024-1,1 млрд, 2025-386,6 млн) 186 жоба (2024-135 жоба, 2025-51 жоба) Шу қаласы және ауылдық округ әкімдіктері тарапынан бекітіліп, ұсынылған.
Бүгінгі күнге 420,6 млн теңгеге 55 жобаның құжаттары «Тараз» ӘКК-ге тапсырылып, 296,9 млн теңгеге 40 жоба несиелендірілген. Нәтижесінде, аудан аумағында жаңа 25 жоба іске қосылып, ауданымыздың экономикалық дамуына үлес қосуда. Аталған жұмыстар жалғасын табады.
Жайылым
2023-2024 жылдары жайылым жерлердің пайдаланылуына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 20,0 мың га жайылым жер жетіспейтіндігі анықталған.
Мәселені шешу үшін аудандық босалқы жер қорынан қосымша 26,3 мың гектар жайылымдық жер учаскелерін (Шоқпар – 5000 га, Бірлік – 2000 га, Жаңақоғам – 3606 га, Далақайнар – 4000 га, Өндіріс – 5223 га, Жаңа жол – 3465 га, Мойынқұм – 3000 га) елді мекен жеріне бекіту жұмыстары жүргізілуде (2025 жылдың тамыз айына дейін бекітіледі).
(2023 жылы – Шоқпар, Бірлік, Жаңақоғам, Далақайнар жалпы 14 606 га, 2024 жылы – Өндіріс, Жаңа жол жалпы 8 688 га).
Сонымен қатар, жыл басынан Көкқайнар, Қорағаты мен Тасөткел ауылдық округтеріне 5800 га жер телімдері қосылды.
2024 жылы жалпы ауданы 9 926,7 гектар (оның ішінде 3970,3 га – тәлімі егістік, 5951,3 га – жайылымдық, 5,2 га өзге жерлер) ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскесі мемлекеттің жер қорына қайтарылса, 2025 жылы 438 гектар (оның ішінде 400 га – жайылымдық, 38 га – егістік) жерлер қайтарылды. 2025 жылға жалпы 13,0 мың га жер телімдерін қайтаруды жоспарлап отырмыз.
Ағымдағы жылы игерусіз жатқан ауылшаруашылық мақсатындағы 13 524 гектар жер учаскесі бойынша Жамбыл облысы жер ресурстарын басқару департаментіне шара қолдану үшін тиісті құжат жолданды. Келесі сатыда департамент тарапынан тиісті деңгейде тексеру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарына сәйкес шаралар қабылдану қажет (2024 жылы 146 527 га жолданып, 18 жер иеленуші 11 344 га жер теліміне «ескерту» түрінде нұсқама алды).
Жылдық жоспарға сәйкес 5,0 мың га жер телімдерін конкурс арқылы қайта айналымға енгізіп, ағымдағы жылдың 8 шілдесінде бірінші конкурс өткізу жоспарлануда (300 га, 40 лот).
Каналдарды жөндеу
Жалпы ауданда 94 канал бар (3 магистралды, 91 шаруашылық канал).
1. ПУИД-2 жобасы аясында 16 нысанға қайта жаңғырту жүргізілуде (103,9 шқ), 5 863 га суармалы алқабы бар.
(«Туннель Садд Ариана» компаниясы 2022 жылдың 4 ақпанынан жұмыстар атқаруда).
Бүгінгі күнге оң жағалаудағы магистралды канал бойындағы қалған 3 каналды жөндеу жұмыстары 97 пайыз аяқталған (Огородный-1,2 және Госфонд-1).
2. Су шаруашылығы жүйелерін қалпына келтіру жол картасы аясында аудан аумағындағы жалпы 80 каналға ЖСҚ-ы әзірленіп, жұмыстар екі кезеңге бөлінді (1 кезең – 35 канал, 2 кезең – 45 канал).
2024 жылғы 1 кезеңдегі Далақайнар ауылы аумағындағы (Р1, Р2, Р3, Р4) 4 каналдың құрылыс жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталып, 11 каналдың құрылыс жұмыстары жалғасын табуда (ЛНХ-4, ЛДРХ-2, ТБХ-2, ТЧХ-1, ТДЖХ-1, ТДЖХ-6, ТЛХ-1а, ТДЖХ-2, ТБХ-1, ТЛХ-3, ТЛХ-2).
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың тамыз айында 7 каналдың құрылыс жұмыстарын (құны 1 159,4 млн теңге, 66,97 шақырым) бастау жоспарлануда. (Бірлікүстем ТЧХ-2, Қонаев ТЛХ-1-1-а, Қорағаты ЛДРХ-3, Төле би ЛНХ-2, Бірлікүстем ТЧХ-3а, Қонаев ТЛХ-5, Қонаев ТЛХ-4).
Екінші кезеңдегі 45 каналдың құрылыс жұмыстары Ислам даму банкінің қаржысы есебінен іске асырылатын каналдың тізбесіне енген. Жұмыстар 2025-2027 жылдар аралығында жүргізіледі.
Тұрғын үй
Ауданда тұрғын үй кезегінде қазіргі уақытта 1 939 адам тіркелген. 2024 жылы тұрғын үй сатып алу бюджеттік бағдарламасы аясында 101 үй жоспарланып, 52 азамат баспанамен қамтамасыз етілді (2023 жылы 60 азаматқа баспана кілті табысталған). Ал қалған 49 үйді мамыр айының соңына дейін беру жоспарлануда.
Ағымдағы жылға аталған бағдарлама арқылы 20 үйдің құрылысына қаржы қарастырылып, қосымша 80 үйге сұраныс берілді.
Соңғы 30 жылдам астам уақыт бойы аудан аумағында көп қабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілмеген.
Ағымдағы жылға Шу қаласы, «Жетісу» тұрғын аумағында 80 пəтерлі (құны 1,8 млрд теңге) тұрғын үйдің құрылысы бастау алатын болады.
Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары басталмай, бас мердігер «Шебербилд» ЖШС-нің жосықсыз деп танылуына байланысты апелляцияға жүгініп, оңалту процесі жүргізілуде.
Сонымен қатар, Шу қаласындағы «Жетісу» мөлтек ауданында бос тұрған 75 пәтерлік 4 тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу мақсатында бағалау жұмыстары жүргізіліп (құны 408 млн теңге), сауда-саттыққа (аукцион) шығарылды. Нәтижесі 20.05.2025 жылы анықталады.
Мақсатымыз осы бос тұрған 4 үйді қалпына келтіріп, 300 отбасы иесін баспанамен қамтамасыз ету.
Сондай-ақ, өткен жылы «Тұрғын үй–коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы» аясында 13 КПТҮ-ге жөндеу жұмыстары жүргізілсе, ағымдағы жылы Шу қаласының басты көшелеріндегі 7 КПТҮ-ге (Сейфуллин көшесі №4, 4/1, 19, Айнабұлақ көшесі №15, 16, 17, 21) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 273,1 млн теңгеге ЖСҚ әзірленді. Ағымдағы жылы аудандық бюджеттен 163,7 млн теңге қаражат қарастырылып, іске асырылатын болады.
Ауыз су
Ауданда 35 елді мекеннің 32-і ауыз сумен қамтылған немесе 91,4 пайызды құрайды.
Өткен жылы 3 елді мекен (Жайсан, Тасөткел су қоймасы және Көктөбе ауылы) ауыз сумен қамтылды. Қалғаны 3 елді мекен (Еңбек, Жиенбет, Сауытбек).
Сауытбек елді мекені бойынша мердігер «Жаңарту» ЖШС-мен бір тараптан келісімшарт бұзылған. Қалған жұмыстарға ЖСҚ-ға түзетулер енгізіп, қайта конкурсқа беру жұмыстары жүргізіледі.
Еңбек (құны 432,5 млн), Жиенбет (құны 538,1 млн) ауылдарын ауыз сумен қамту бойынша, мердігерлер арасындағы іс жоғарғы сотта қаралуда. Сот процесі аяқталғаннан кейін, қайта конкурсқа берілетін болады.
Сонымен қатар, Шоқпар ауылының ауыз сумен қамтылмай қалған бөлігіне ЖСҚ әзірленіп (құны 1,5 млрд) бюджеттік өтінім берілген. Алайда, қолдау таппауына байланысты КБМ (контейнерлік блок модуль, құны 32 млн теңге) орнатылды.
Аталған жобалар қолдау тапқан жағдайда, 2025 жылы елді мекендерді ауыз сумен қамту 100 пайызға жетеді деп күтілуде.
Шу қаласына келер болсақ, «Қант зауыты» мөлтек ауданын ауыз сумен қамту жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айында аяқталатын болады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы жалпы 3,5 млрд теңгеге Шу қаласындағы «Горгаз» (1,4 млрд теңге, мердігер BSS Group Engineering), Жанкулиев (1,1 млрд теңге, мердігер BSS Group Engineering) және «Жайсан» (990,9 млн теңге, мердігер ТАРАЗСТРОЙ-2004) мөлтек апудандарын ауыз сумен қамту жұмыстары бастау алады.
Көгілдір отын
Шу ауданындағы 35 елді мекеннің табиғи газбен қамтылғаны 18 немесе 51,42 пайызды құрайды.
Қамтылған 18 елді мекен – Шу қаласы, Жаңа жол, Көкқайнар, Белбасар, Еңбекші, Төле би, Бірлік, Қонаев, Көктөбе, Бірлікүстем, Алға, Сауытбек, Жайсан, Тасөткел с.қ., Абай, Оразалы батыр, Ақсу, Тасөткел.
Құбыры тартылған 5 елді мекен – Мойынқұм, Жиенбет, Еңбек, Ақтөбе, Аспара.
Қалған 6 елді мекен – Бәйдібек, Ақтасты, Бөлтірік, Балуан Шолақ, Далақайнар, Шоқпар. Шоқпар станциясына ішкі жүйеге ЖСҚ әзірленіп (жалпы құны 2,6 млрд теңге), сараптамадан оң қорытындысы алынып, бюджеттік өтінім берілді.
Энергетика басқармасы тарапынан 2 ірі жоба іске асырылуда. 18 елді мекенге газ магистр құбырын тарту және АГРС құрылысын жүргізу.
Қонаев ауылында АГТС құрылысы аяқталмай, қалған елді мекендерге қысым төмен болғандықтан газ бере алмаймыз.
6 ауылды газдандыру экономикалық жағынан тиімсіз, қосылу нүктесінен алшақ және халық саны аз. Олар – Көкжиек (200), рзд. Құмөзек (116), ст. Еспе (278), Алайғыр (159), Құлақшын (192), Жиделі (134).
Білім нысандары
2024 жылға жалпы 7 жоба қолдау тауып, бүгінгі күнге 2 жоба аясында күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталған (Шу қаласы, А.С.Макаренко ат. о.м., Тасөткел ауылы, Шерхан Мұртаза ат. о.м).
Жиенбет ауылындағы 100 орындық мектепте жаңа құрылыс жүзеге асырылуда (өтпелі, 80 пайыз құрылыс жұмыстары аяқталған. 1 қыркүйекте қолданысқа беріледі).
4 жапсарлас құрылыс – Шу қаласы, Ғ.Мұратбаев ат. о.м. (өтпелі, 65 пайыз құрылыс жұмыстары аяқталған. 1 қыркүйекте қолданысқа беріледі) сот процесі жүргізілуде.
Төле би ауылы, С.Шәкіров ат. о.м. (спорт зал, технология кабинет, қазандықты газға ауыстыру).
Шоқпар ауылы, М.Дулатұлы ат. о.м. (спорт зал).
Еңбекші ауылы, Еңбекші негізгі мектебі (спорт зал, асхана т.б.). Бүгінгі күнге іс жоғарғы сотта қаралуда.
2025 жылға 5 жоба бойынша облыстық білім басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылып, 2 жаңа құрылыс (Жайсан ауылынан 120 орындық, құны 878,0 млн, Көктөбе ауылынан 120 орындық, құны 889,0 млн) қолдау тауып, құрылыс жұмыстары бастау алды.
Көктөбе ауылында құрылыс нысаны орнын қазу барысында 5 метр тереңдіктен су шығуына байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап тұр, ЖСҚ-ға түзету жұмыстары жүргізілетін болады.
3 күрделі жөндеу (Абай ауылы, Абай о/м, құны 380,5 млн, Көкқайнар ауылы, С.Естемесов ат. о/м, құны 415,7 млн, Мойынқұм ауылы, Мойынқұм о/м, құны 624,3 млн) 2026 жылдың жоспарына қойылып отыр.
Мәдениет нысандары
Аудан аумағында 2 ауылдық клуб апатты жағдайда болса (Ақсу, Далақайнар), 5 клуб ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан (Мойынқұм, Ақтөбе, Алға, Белбасар, Жаңа жол). Осы 7 жобаның барлығы құрылыс жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Бүгінгі күнге жалпы 5 жоба дайын (Ақсу, Далақайнар, Жаңа жол, Белбасар, Ақтөбе).
Оның ішінде жүзеге асырылып жатқаны (2024-2025 ж. өтпелі) Белбасар ауылындағы 100 орындық мәдениет үйінің құрылысы (құны 373,6 млн). Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары 65 пайызға аяқталған. Ағымдағы жылдың шілде айында пайдалануға беру жоспарлануда.
Қалған 4 жобаны сатып алу арқылы алдағы жылдарда жүзеге асыру көзделген (2026 ж. – 2 жоба, 2027 ж. – 2 жоба).
Сонымен қатар, ағымдағы жылы жалпы құны 48,5 млн теңгеге Көктөбе (17,7 млн), Шоқпар (12,3 млн), Бірлікүстем (18,5 млн) ауылдарындағы мәдениет үйлерінің қас келбеті мен шатырлары ауыстырылады (мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде).
Спорт нысандары
Жеті жоба аясындағы спорт нысандарының ЖСҚ-сы дайын (құны 2,8 млрд Шу қаласы-2, Жаңа жол, Бірлік, Ақтөбе, Көктөбе, Шоқпар). Құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім берілген.
Оның ішінде 2025-2026 жылдары жүзеге асырылатыны Жаңа жол (құны 433,4 млн теңге), Шоқпар (құны 433,4 млн теңге) а/о спорт сауықтыру кешенінің құрылысы (жалпы құны 884,5 млн теңге). Бүгінгі күнге 200 млн теңге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары басталуда. (Жаңа жол 100 млн теңге, Шоқпар 100 млн теңге). Нысандар өтпелі. 2026 жылы пайдалануға берілетін болады.
Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлермен жұмыс жүргізу нәтижесінде, өткен жылы Балуан Шолақ а/о (құны 180 млн теңге) спорт нысаны бой көтеріп, пайдалануға берілді.
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-мен Көкқайнар ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде (құны 220,9 млн теңге, 30.07.2025 жылы аяқталуы күтілуде).
Сондай-ақ, Бірлік ауылы және Шу қаласында «Қазақстан халқына» қоры есебінен 2 ангар типтес спорт кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың шілде айында пайдалануға беру жоспарлануда (құны 341 млн).
Жолдар
2025 жылға 32 жоба аясында (94 көше, 5 жаяу жүргінші жолы) 84 шқ (құны 2,6 млрд теңге) жол жөндеу жоспарланған.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 23 жоба іске асырылатын болады (50 көше, 5 жаяу жүргінші жолы – 57 шқ, құны 1,8 млрд теңге).
Бүгінгі күнге Жаңақоғам ауылдық округінде 2 жоба бастау алды.
50/50 қаржыландыру бағдарламасы бойынша 9 жобаны іске асыру жоспарда.
Шу қаласында 7 жоба (42 көше, 20 шақырым, құны 716,3 млн теңге), ауылдық елді мекенде 2 жоба (2 көше, 6,9 шақырым, құны 261,1 млн теңге), Ақсу (103,6 млн теңге) Бөлтірік (157,4 млн теңге).
Бүгінгі күнге аудан аумағындағы 7 елді мекеннің ішкі көшелері толығымен асфальтталған (Балуан Шолақ, Абай, Сауытбек, Алға, Көкқайнар, Жаңа жол, Белбасар).
Ойын алаңшасы мен стрит воркауттар
2025 жылы құны 469,2 млн теңгеге 9 балалар ойын алаңшасы (Шу қаласы, Төле би-2, Ақтөбе, Балуан Шолақ, Сауытбек, Жайсан (а), Белбасар, Еңбекші), 4 стрит-воркаут (Төле би, Ақсу, Жаңақоғам, Мойынқұм), 4 кіші футбол алаңы (Шу қаласы, Төле би, Жаңақоғам, Аспара, Еңбек ауылы), бір волейбол-баскетбол (Шу қаласы) алаңы орнатылатын болады.
Сонымен қатар, 2 кіші футбол алаңын ағымдағы жөндеу және бір алаңға қоршау жұмыстары жүргізілетін болады.
Жол жөндеу жұмыстары
(Шу қаласы)
Шу қаласында ұзындығы 204,2 шқ құрайтын барлығы 313 көше болса, оның ішінде мүлдем асфальтталмағаны – 119 көше немесе 39 пайыз.
2023-2024 жылдары 62 көшеге асфальт, 3 көшеге тротуар, 16 көшеге шағалтас төселді. Нәтижесінде асфальтталған көшелердің үлесі 2023 жылмен салыстырғанда 52 пайыздан 61 пайызға жетті.
Ағымдағы жылы, ұзындығы 20 шқ болатын 42 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде 236 көше немесе 75,4 пайызға артады.
Сонымен қатар, өткен жылы көше жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 25 млн теңге қаражат қарастырылса, осы жылға 70 млн теңге қаражат қарастырылды. Яғни, 3 есеге артты. Бүгінгі күнге жамау жұмыстары басталды.
Сергек камерасы
Сергек камераларын орнатуға ЖСҚ әзірленіп (құны 690 млн теңге), бүгінгі күнге аудандық бюджеттен 207 млн теңге қаражат қарастырылды.
Оған Шу қаласында кезінде орнатылған 147 камераны қалпына келтіріп, іске қосу, техникалық қызмет көрсету және аула күзеті үшін жаңа 20 дана бақылау камерасын, 12 сергек қоғамдық бейнебақылау камерасын, 5 дана 360 ПТЗ бақылау камераларын орнату кіреді.
Қосымша Шу аудандық полиция бөлімшесіне арнайы бақылау камераларын бақылау үшін яғни, деректерді өңдеу орталығы (серверная) ғимараты соғылады.
Көше жарығы
Тұрғындардың талмастан көтеретін тағы бір мәселесі, ол – қала көшелерінің жарықтандырылуы. Жалпы, қаладағы 313 көшенің 61 көшесі (19,5 пайыз) ғана түнгі жарықшамдармен қамтылып, қалған көшелерінде жарық бағаналары орнатылмаған.
2024 жылы (құны 33,3 млн теңге) қаладағы 3 көшенің түнгі жарықтандыру мәселесі шешілді. (Есалиева, Мәметова, Бекбосынов).
2025 жылға қаладағы 5 көшеге түнгі жарықтандыруды жүргізу жоспарлануда.
Бұдан бөлек, тұрғындардың қала ішіндегі түнгі қозғалысына қауіп тудыратын орындарға күн сәулесінен қуат алатын жарықшамдарды орнату жұмыстары қолға алынуда.
Абаттандыру және көгалдандыру
Ағымдағы жылы Қасымхан көшесі бойындағы саябақ (мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде, АБ құны 79 млн теңге) және Жеңіс саябағы (жұмыстар басталды, құны 687 млн теңге, АБ-200 млн) бойынша қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, аудан орталығы – Төле би ауылының «М.Жүнісалиев» саябағын қайта жаңғыртуға және саябақтың ішіндегі бұрынғы шіркеу ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірленуде.
Қаламыздың басты көрінісі, тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу теміржол вокзалы – теміржол саласындағы маңызды нысанның бірі. Ағымдағы жылдың сәуір айында теміржол вокзалы ғимараты мен ғимарат аумағын абаттандыру жұмыстары (құны 3,5 млрд теңге) бастау алып отыр.
Бұл жобалар қала тұрғындары мен қонақтарына жайлылық сыйлайды деп есептейміз.
Сондай-ақ, қаланың экологиялық ахуалын жақсартып, көріктендіру мақсатында кіреберіс арка маңына 5 мың түп ағаш егу жобасы бастау алып, жасыл белдеу аймағы пайда болды. Бүгінгі күнге аталған аймаққа 1600 ағаш егілді. Аталған жобаның ерекшелігі егілген ағаштардың түбі тамшылатып суғару жүйесімен қамтылып, күтіп-ұстауға мердігер жауапты болады.
Бұл жобаны басқа да елді мекендерде іске асыру жоспарда (2025 жылға жалпы 44 мың дана ағаш отырғызу жоспарда).
Сонымен қатар, Шу қаласында ветеринариялық пункт салуға жеке кәсіпкер тарапынан ЖСҚ әзірленіп, құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін сатып алу арқылы ғимарат қабылданып, аудандық ветеринария бөліміне беріледі.
Осы бағыттағы жұмыс Алға, Бірлік, Жаңа жол ауылдарында да жалғасын табады.