Даламыз өртке оранбасын десек…
Шу ауданы және мемлекеттің орман қоры жеріне іргелес орналасқан Мойынқұм, Меркі ауданының тұрғындары!
Облыс аумағында өрт қаупінің IV-V кезеңінің басталуына байланысты «Қосқұдық ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ орман күзет қызметі орман қоры аумағында өзге тұлғалардың негізсіз болуына қатаң тыйым салады.
Сонымен қатар, өртке қарсы санитариялық қағидаларын сақтауды және орман пайдаланушы тұлғалар өрттің алдын алу мақсатта жасалатын қажетті өртке қарсы өрт сөндіргіш құрал-сайман жабдықтарымен қамтамасыз етуді өртке қарсы жолақтар жүргізуін талап етеді.
Орман заңнамасын бұзуға не болмаса Орман шаруашылықтарының талаптарын орындамаған жағдайда ҚР заңнамаларымен жауапкершілікке тартылатынын ескертеді!
Құрметті, аудан тұрғындары!
Орман және дала өрттері орын алған жағдайда Қосқұдық ОШ КММ орталық кеңсесіне тел: 8 (72638) 5-08-00, 3-13-07 және Шу аудандық ТЖБ 101 нөміріне хабарласыңыз!
Берік Абдрешов,
Қосқұдық ОШ КММ-нің
ормандарды қорғау және күзет инженері.