Ақпараттық портал

«Шу өңірі» газетінің 90 жылдығына арнау

Қуанбай болмас бүгін ауданымда,
Сайрасын қызыл тілім алдарыңда.
Ал, халқым, құтты болсын баршаңызға!
Газетім 90 жасқа толғаныңда.

Асыға күтіп әрбір нөміріңді,
Қуанған немерең де, келінің де.
Хабарын естіп, білген жаңалықтың,
Күніге өзгерісте келгеніңді.

«Шу өңірі» жөн ғой бүгін жаңғырғаның,
Білуші едім Қартайғаннан басталғанын.
Қартайғанның орнында Қартайған жүр,
Жақсының орнын басып жақсы адамың.

Өмірдегі айтылып нақты ойларың,
Басыңнан деп тілеймін бақ таймағын.
Қартайғандар зейнетке шықса дағы,
Сен, бірақ, «Шу өңірі» қартаймағын.

Ерғали Қартайғанмен мақтанамын,
Қызметтес бәрі мықты баптағаның.
Десек те орның бөлек өзгелерден,
Қыл суырар қамырдан нық қадамың.
Не пайда сөйлейтіннен көсемдерше,
Халықтың ауыр жүгін көтермесе.
Тілегім газет шығып Шу өңірден,
Елімнің қуанышы еселенсе…

Алладан жазу шығар мезгіл жеткен,
Әйгілі Әбдімомын, Аяз да өткен.
Солардың жолын қуып ақын болдым,
Пірімді күнә болар айтпай кетсем.

Жақан аға тамырын терең жайды,
Жазғаны өңір жайлы, өмір жайлы.
90-ға келген кезде «Шу өңірің»,
Еске алмай өзіңізді өте алмадым.

Өмір жалған демегін, естімедім,
Құтқармай ажал құрық жетіп едің.
Суретші даңқың шыққан Петр Норкин,
Музейден ел ұсынған орның сенің.

Тампылбай топ бастаған серкелерің,
Шу менен Мойынқұмда еркеледің.
Лирик ақын жазбадың қоғам жайлы,
Жазғанда қатқан тоңды ерітер едің.

Көз майын күнде жұмсап жатқан ана,
Еңбегі үлгі болған басқаларға.
Светлана көтерді нардың жүгін,
Тегін жан ел міндетін атқара ма?!

Өскелең ұрпақ айтарым жастарыма,
Бақыттың құсы қонсын бастарыңа.
Оқығанның көзі ашық бұл өмірде,
Тарихтың көзің жеткіз астарына.

Қазағым аман қылсын оттың басын,
Бүгін жас, ертең сен де қарт боларсың.
Жазатындар көп болсын тіршілікте,
Ғұмырың «Шу өңірім» тоқтамасын!

Базарбай АСҚАРТЕГІ,
ҚР мәдениет қайраткері.
Шу ауданының Құрметті азаматы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.