Ақпараттық портал

Барлық бала назардан тыс қалмасын

“Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады” демекші, балалардың шат күлкісінен асқан қуаныш жоқ. Тәуелсіздік жылдарында біздің республикамызда мүмкіндіктері шектеулі адамдарды, соның ішінде балаларды қолдауға бағытталған көптеген бағдарламалар мен түрлі іс-шаралар әзірленіп, жүзеге асып келеді. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім беру жүйесіне және қоғамдық өмірге толыққанды қатысуын ұйымдастыру – мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Осыған орай, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде «Шу аудандық мүгедек балаларды бейімдеу және Оңалту орталығы» КММ басшысы Салмарбекова Ақмарал Қазбекқызы балаларды мерекелерімен құттықтады. Осы игі іс-шарада «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Төле би ауылдық округінің мамандары Гүлнұр Ермекбаева және Аян Қыпшақов тәтті торттарын, сусындарын, балмұздақтар таратты. Ал, Шу аудандық 19 өрт сөндіру қызметкерлері, кәсіпкер азаматтар Толғанай, Асет, Гауһар Бұхарбаева, Ерболған Джаманов, Асқар Тлешовтер де өз кезегінде тәттілер мен ойыншықтар таратты. Бұған қоса мерекелік іс-шараны безендіруге жеке кәсіпкер Арай есімді жомарт жан атсалысса, Шу қалалық Жастар ресурстық орталығының мамандары мерекелік концерт ұсынды.
Міне, осылай балаларға жақсы көңіл-күй сыйлаған кеш ерекше әсермен аяқталды. Әр баланың көңілді де бақытты балалық шағы болуы тиіс екеніне тағы бір мәрте назар аудартқан мереке жылма-жыл жалғасын тауып, бүлдіршіндердің әр күні бақытқа бөленсін.
(Өз тілшіміз).

Leave A Reply

Your email address will not be published.