Ақпараттық портал

Татами төріндегі турнир

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бекіткен күнтізбелік жоспар аясында, Шу ауданы әкімдігі мен «Шу қалалық таеквондо WT федерациясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Мұстафа Өзтүрік атындағы дәстүрлі облыстық ашық турнир өтті. Үстіміздегі жылдың 27-29 наурыз күндері №39 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешенінде өткен жарысқа Алматы, Тараз, Шу, Қаратау қалаларынан және Жамбыл облысының Шу, Байзақ, Жуалы, Тұрар Рысқұлов, Меркі аудандарынан 200-ге жуық жас спортшы қатысып, бақ сынады.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Найман Кенжеханұлы Сұлтанбаев сөз алып, қатысушыларға сәттілік тілеп, турнирдің маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде мұндай жарыстардың өскелең ұрпақты тәртіпке, табандылыққа тәрбиелейтінін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ашылу салтанатында сөз алған ардагер спортшылар мен сала мамандары да жас спортшыларға ақ жол тілеп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Олардың қатарында өңірімізге еңбегі сіңген ұстаз-бапкер Айдархан Бәтенұлы Абдиев, қоғам қайраткері Жұмахан Төлеуұлы Чекаев, №39 БЖСМ басшысы Жиенәлі Қораласбайұлы Шохаев, бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының спорт методисі Бекжан Бақытұлы Жайлау, сондай-ақ ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушылар Алмаз Әбдіманапұлы Әбдікайыров пен Алтынбек Сайлауұлы Мусинов, сонымен қатар Шу қалалық таеквондо федерациясының төрағасы Марат Жайлауұлы Тлеуқұлов бар. Олардың әрқайсысы спорттың тек жеңіс қуу емес, рухани кемелденудің жолы екенін айрықша жеткізді.
Жарыс қорытындысында федерация төрағасы М.Тлеуқұлов ауданымыздағы жаттықтырушылар Мақсат Бериков, Балжан Тлеуқұлова, Ермахан Тлеуқұлов, Нұржан Қонысбайға қол жеткізген үлкен жетістіктері үшін алғысын білдірді.
Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне төрешілер алқасының да қосқан үлесі зор. Бас төреші қызметін халықаралық дәрежедегі төреші Алтынбек Сайлауұлы Мусинов атқарса, бас хатшы міндетін Ермахан Маратұлы Тлеуқұлов жауапкершілікпен алып шықты. Осындай ауқымды іс-шараның ұйымдастырылуына қолдау білдірген ата-аналар алқасы мен спорт мекемелерінің басшыларына да ерекше алғыс жеткізілді.
Жарыс барысында додаға шыққан әрбір жас спортшы өз шеберлігін, ептілігі мен қайсарлығын көрсетті. Командалық есеп бойынша бас жүлде Шу ауданының еншісіне бұйырса, жүлделі орындарды Белбасар ауылы, Тараз қаласы және Жуалы ауданы бөлісті. Ал жекелей салмақ дәрежелері бойынша Тұрсынхан Алдияр, Талғат Елнұр, Әбілхайыр Ақтөре, Сапарбек Арман,Төлеубек Арсен, Жұмабек Сұлтан, Базарбек Елнұр, Коварин Дмитрий, Коварина Елизавета, Сарқыт Ақзер, Мурат Нурайым, Сапарбек Аяна, Коварина Надежда, Әтірхан Сезім, Мұхтар Нұрай, Жұмабек Балнұр, Ошан Рамазан, Қаржаубай Санжар, Болат Ерсұлтан, Бекбосын Бексұлтан, Санақ Айсұлтан жүлделі орындарға ие болды.

Балнұр Жексенбекқызы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.