ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГТЕРГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК: «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ-2026» КОНКУРСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!
Педагогтердің кәсіби шеберлігін дамытуға, озық тәжірибелерін таратуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсына қатысуға шақырамыз.
Конкурсты ұйымдастырушы – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы. Байқау педагогтердің функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған авторлық идеяларын анықтауға, насихаттауға және тәжірибе алмасуға арналған кәсіби алаң болып табылады.
Конкурсқа өтінімдер 2026 жылғы 2 наурыз бен 30 маусым аралығында қабылданады. Қатысу үшін материалдарды арнайы конкурс платформасы арқылы жолдау қажет.
Конкурс сайты: https://ppi.orleu.edu.kz
Конкурстың мақсаты – білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға ықпал ететін тиімді педагогикалық идеяларды ұсыну және тарату.
Конкурс бағыттары:
* Оқу сауаттылығы
* Математикалық сауаттылық
* Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық
* Цифрлық сауаттылық
* Қаржылық сауаттылық
* Экологиялық сауаттылық
* Мәдениетаралық сауаттылық
* Жаһандық құзыреттер.
Конкурсқа мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.
Байқау екі кезеңде ұйымдастырылады:
– аймақтық кезең – авторлық педагогикалық идеяның сипаттамасын ұсыну;
– республикалық кезең – педагогикалық идеяны нақты білім беру жағдайында қолдануды бейнежазба арқылы көрсету.
Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Сонымен қатар республикалық кезеңде әр бағыт бойынша «YouTube – дауыс беру жеңімпазы» арнайы номинациясы қарастырылған.
«Педагогикалық идеялар панорамасы» – шығармашыл педагогтердің кәсіби тәжірибесін танытып, инновациялық идеяларын республика көлемінде насихаттауға мүмкіндік беретін беделді алаң.
Құрметті педагогтер! Өз тә-жірибеңізбен бөлісіп, жаңашыл идеяларыңызды кәсіби қауымдас-тыққа таныстыру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Авторлық педа-гогикалық идеяңызды ұсынып, республикалық деңгейдегі кәсіби байқаудың қатысушысы атаныңыз!
Жұлдыз Кошербaевa,
аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы.