Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау тәртібі
Бала күтіміне байланысты жәрдемақы бала туған күннен бастап ол бір жарым жасқа толған күнді қоса алғанда, ал асырап алған, сондай-ақ қамқоршылыққа алған балалары бар адамдарға (отбасыларға) – соттың баланы (балаларды) асырап алу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қамқоршылықты немесе қорғаншылықты белгілеу туралы бұйрық қабылданған күннен бастап ол бір жарым жасқа толғанға дейін тағайындалады.
Бала күтіміне байланысты жәрдемақыны тағайындаған кезде отбасы құрамында тірі туған, асырап алынған, сондай-ақ қамқоршылыққа (қорғаншылыққа) алынған балалар, егер басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалар да ескеріледі. Бұл ретте, отбасы құрамында өздеріне қатысты ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары шектелген балалар ескерілмейді.
Егер бір жарым жасқа толмаған бала қайтыс болғаннан кейін күтім жөніндегі жәрдемақыны тағайындауға жүгінген жағдайда күтім жөніндегі жәрдемақы қайтыс болған айын қоса алғанда тағайындалады. Қандастарға бала күтіміне байланысты жәрдемақы бала туған күннен бастап, бірақ қандас мәртебесі белгіленген күннен кейін тағайындалады. Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақылар отбасының табысына қарамастан тағайындалады. Бала туғанда берілетін және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес “Бала туғанда берілетін және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау” мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы қағидаларға 1 және 2 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш ұсыну Заңға сәйкес жәрдемақыны проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындаған кезде талап етілмейді.
Өтініш берушінің электрондық өтінішінде көрсетілген өтініш берушінің жеке басын куландыратын құжат, баланы (балаларды) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтаманы мәліметтері, неке қию (ерлі-зайыптылық), некені бұзу туралы куәлік, балаға қамқоршылық ( қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер, тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтер, банк шотының нөмірі туралы мәліметтер осы қағидаларға сәйкес 4-қосымшаға мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды ақпараттық жүйелеріне сұрау салуларға сәйкес “электрондық үкімет” шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) алынады.
Шет мемлекетті құзыретті мекемесі не соған уәкілетті тұлға оны құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған, шет мемлекетті елтаңбалы мөрімен бекітілген баланы (балаларды) туу туралы куәлігін ( куәліктерін) ұсынған кезде, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, “Апостиль қоюды бірыңғай қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы әділет министрі міндетін атқарушысының 2021 жылы 4 қарашадағы №950, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылы 15 қарашадағы №702, Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2021 жылы 16 қарашадағы №1182, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының жанындағы Соттарды қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғары Соты аппараты) басшысының 2021 жылы 16 қарашадағы №30, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылы 24 қарашадағы №363, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры міндетін атқарушысының 2021 жылы 24 қарашадағы №155, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2021 жылы 29 қарашадағы №574 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылы 8 желтоқсандағы №851 бірлескен бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16116 болып тіркелген), “құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы”Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі міндетін атқарушысының 2017 жылы 6 желтоқсандағы №11-1-2/576 сәйкес апостиль қою не заңдастыру рәсімдерінен өткеннен кейін ғана бұйрығына қабылданады.
Бала туғанда берілетін және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау үшін баланы (балаларды) туу туралы куәлігіне туу туралы азаматтық хал актілер жазбасынан мәліметтерді қамтитын анықтама, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы мәліметтерді қоспағанда, неке (ерлі-зайыптылық) қию, бұзу туралы куәлік, сондай-ақ балаға қорғаншылық ( қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер, банк шотының нөмірі туралы мәліметтер осы қағидаларға сәйкес мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды 4-қосымшаға ақпараттық жүйелеріне сұрау салуға сәйкес көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпарат расталған кезде талап етілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын талаптар осы қағидаларға сәйкес “Бала туғанда 3-қосымшаға берілетін және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау” мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.
Баланы (балаларды) тууын тіркеген кезде көрсетілетін қызметті алушыны таңдауы бойынша “Бала туғанда берілетін және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау” мемлекеттік қызметі “бір өтініш” қағидаты бойынша көрсетіледі.
Қ. Даулбаева,
Шу аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.