Байқау кеңесінің кезекті отырысы өтті
Жуырда аудандық орталық аурухананың байқау кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Төле би ауылдық округі әкімінің орынбасары Е.Аймамбетов төрағалық еткен жиынға кеңес мүшелері, «ZOOM» қосымшасының көмегімен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиялық бақылау бөлімінің басшысы Г.Жумашева, «Стоматология» ЖШС-нің бас дәрігері К.Смагулова және жеке кәсіпкер С.Бабалиев қатысты.
Жиын барысында аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Ж.Айтишев облыс әкімі Е.Қарашөкеевтің 22.04.2024 жылғы №01-3213 хатымен жолданған 18.04.2024 жылғы Жамбыл облысы бойынша ішкі аудит қызметінің мамандарымен Шу аудандық орталық ауруханасының қызметін тексеру туралы анықтамасын таныстырды.
Айталық, 18 сәуір күні Жамбыл облысы бойынша ішкі аудит қызметінің мамандарымен Шу аудандық орталық ауруханасының қызметі тексерілген. Тексеру кезінде бірқатар бұзушылықтар анықталып, анықтамада көзделген бұзушылықтарды жою және ұсынымдарды қарастыру туралы қорытынды хатқа сәйкес Шу аудандық орталық ауруханасының әкімшілік мамандарымен жиналыс өтікізіліп, аталған басқосуда жауапты мамандардан түсініктеме алынып, тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар қаралып, жауапты мамандар тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны аталып өтілді. Осылайша, 25.04.2024 жылы №168-ө бұйрығымен барлық анықтамада көрсетілген мамандарға «сөгіс» түріндегі жаза жарияланды. Одан бөлек, анықтамада көрсетілген бұзушылықтарды жою және ұсынымдарды қарастыру туралы шешім бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Басқосу барысында байқау кеңесінің мүшесі С.Бабалиев ішкі аудит қызметінің мамандарымен жүргізілген тексеріс бойынша анықталған кемшіліктер жөнінде сауалдарын жолдап, нақты жауаптар алды.
Осы орайда айта кетерлігі, жалпы анықтамада көрсетілген қаржылық бұзушылықтар кәсіпорынның экономикалық жағдайына әсер етпеді. Себебі, артық төленген қаражат мемлекет қазынасына қайтарылуда.
Ж.БЕЙІМБЕТОВА,
байқау кеңесінің хатшысы.