Ақпараттық портал

Делдалға сеніп, дымсыз қалмаңыз

Еліміз егемендігін алғалы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар біртіндеп жүзеге асырылып келе жатқандығы қалың қауымға аян. Оның ішінде кәсіпкерлік саласын дамытып, әр ниетті адамның өзіндік жеке кәсібін ашып, тұрмыстық әл-ауқатын арттыруына да зор қолдау көрсетіліп отыр. Бұл бағытта әр өңірдегі Жұмыспен қамту орталықтарының мамандары жергілікті тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс жасап, олардың қандай да бір бизнес жобаларының жүзеге асырылуына бағыт сілтеп, ықпал жасайды.

Мұндай орталық біздің ауданымызда да бірнеше жылдан бері табысты қызмет етіп келеді. Е.Омбаевтың басшылығындағы жергілікті Жұмыспен қамту орталығының мамандары бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың халық арасында жүйелі жүзеге асырылуына үлес қосып жүр. Сондай бағдарламалардың бір тармағы – Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберіндегі бағдарлама аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі (1 476 800) қайтарымсыз грант ұсыну.
Мемлекеттік грант жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін ұсынылады және ол ісін жаңадан бастаған жекелеген әлеуметтік санаттарға жататын азаматтарға өз бизнес әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын мүлік, яғни тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді. Гранттар алудың негізгі шарттары жөнінде айтар болсақ, грант иеленуші жұмыспен қамтудың мынадай санаттарының біріне жатуы қажет: тіркелген жұмыссыздар, жеке кәсіпкерлер (3 жылға дейін). Ал, әлеуметтік санаттар бойынша айтар болсақ, оған көп балалы тұлғалар-көп балалы жәрдемақы алушылар (жұбайы, зайыбы), қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері, мүгедек баланы тәрбиелеуші жәрдемақы алатын адамдар (жұбайы, зайыбы), атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған адамдар және олардың отбасы мүшелері, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар, қандас қолданыстағы мәртебесі бар адамдар, мүгедек адамдар. Жас ерекшелігі бойынша зейнет жасына дейінгі азаматтар ала алады.
Мемлекеттік грантты алуға өтініш берушінің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқығандығы жөніндегі сертификаты болуы тиіс. Бұл 14 күндік оқыту тегін әрі онлайн негізде жүргізіледі. Сондай-ақ, грантқа өтініш беру үшін business.enbek.kz порталында тіркелу қажет.
Биылғы жылы Шу ауданына жалпы саны 90 азаматқа, оның ішінде бірінші лек бойынша 45 азаматқа, екінші лек бойынша 45 азаматқа конкурстық негізде қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Бірінші лекке өтініш қабылдау 20-31 мамыр аралығында өткізіліп, 133 азаматтың өтініші қабылданған. Алдағы уақытта, яғни 11-12 маусым күндеріне жоспарланған комиссия отырысында грантқа өтініш берушілер өздерінің бизнес жобаларын қорғап, нәтижесіне сай грант алушылардың саны нақтыланбақ.
Орталық мамандарының мәлімдеуінше, осы жылы қайтарымсыз қаражат (грант) тек әлеуметтік осал топтарға беріледі. Мемлекеттік грантты иеленген азаматтар тиісті қаражатты алған соң үш ай ішінде жеке кәсібінің басталып, жұмыс жасап жатқандығы туралы, мұнан кейін әр тоқсан сайын бір жыл бойы жалпы кәсіптің жай-күйі туралы орталыққа есеп беріп отыруы тиіс. Егер, ұсынылған қайтарымсыз қаражат жобада көрсетілген мақсатқа сай жұмсалмаса, сот арқылы мемлекетке кері қайтарылады.
-Комиссия құрамының жеті мүшесінің әрқайсысында жеке-жеке бағалау парақтары болады. Бизнес жобасын қорғауға келген адамға сол парақта жазылған сұрақтар қойылады. Жоба қорғаушының жеті парақтағы «иә» немесе «жоқ» деген жауаптары толық есепке алынып, нәтижесінде комиссия төрағасы грант беру немесе бас тартуға негізделген қорытынды шығарады. Жобаны қорғай алмаған жағдайда грант берілмейді. Сонымен қатар, бағалау парағындағы сұрақтарға жауап беруімен қоса грант иеленушінің кәсіпкерлік негізде оқығандығы жөніндегі сертификатының болуы, бизнес жобасының мазмұны да маңызды рөлге ие.
Бүгінгі таңда ақылы негізде дайын бизнес жобасын ұсынушы делдалдар көбеюде. Көптеген азаматтар сол дайын жобаны сатып алады да, онымен жете таныспайды. Сол себептен, комиссия мүшелері алдында жобаны қорғай алмайтындар бар. Яғни, грант алуға ниет білдірушілер болғанымен, олардың басым бөлігі бизнес жобаны құрастыру бойынша бас қатырғысы келмейді. Дайынды сатып алады да, оны өздері түсінбейді. Жобаны қорғай алмау осындай әрекеттерден туындайды,-дейді аудан бойынша «Мансаптық орталық» филиалының маманы Нуридин Қоспанов.
Грант алуға ниет білдіргендердің «құлағына алтын сырға». Орталық маманы мәлімдеген бұл жайттарды көпшілік біліп жүруі тиіс. «Талпынған жетер мұратқа» демекші, делдалға сеніп, дымсыз қалмау үшін әр адамның өзінің шынайы әрекет жасауы маңызды болып тұр. Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып, көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін шынайы әрекет еткеннің ісінде береке болатындығын естен шығармайық.

Динара Батырхаирова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.