Жайқалтып жуа еккен шулықтар
Заман талабына сәйкес ауылшаруашылық саласында инновациялық технологияларды қолдану – еңбек өнімділігін өсіруге және өнімнің сапасын жақсартуға септігін тигізеді. Тамшылатып суғару жүйесімен алқапты суғару – тиімді әрі үнемді тәсіл екендігі сөзсіз.
Облыс аумағында ирригация жүйесін қалпына келтіру мақсатында ауқымды әрі жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Бүгін біз көргендей, ірі шаруа қожалықтарында инновациялық технологиялардың қолданылуы, табиғи ресурстардың ұқыпты пайдаланылуы көз қуантады. Сондай-ақ отандық нарықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге, ал артығын экспорттауға өз үлесін қосады. Бүгінде елімізде тамшылатып суғару жүйесі кең тарауда. Нәтижесінде шаруалар әрбір бақша өніміне тамшылатып суғару жүйесін қолданып, олардың өнімділігін көтеріп, суды көп мөлшерде үнемдеуге болатынына көз жеткізді.
Шу ауданында «Ауыл аманаты» жобасы аясында Жаңа жол ауылдық округінде кооперативтерді жабдықтау және құру бойынша «Шу-2021» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылған болатын.
Шаруалар пияз өнімдерін беткейлетіп суғаратын болса, гектарынан 40–50 центнер ғана өнім алатынын, ал тамшылатып суғару әдісі арқылы бүгінде өнімділік екі есеге дейін артып отырғанын айтуда.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар жоспары облысымызда да қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Мысалы, “Агробизнес 2020” бағдарламасы аясында көкөніс оның ішінде пияз егу жұмыстары жүзеге асырылды. Ағымдағы жылы ауыл шаруашы-лығы мақсатын-дағы жерлерге 4 628 га пияз, 2 185 га бақша өнімдері, 28 га картоп егілген.
Осындай бағытта жұмыс жасап келе жатқан «Шу-2021» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі үстіміздегі жылы 50 гектар жерге пияз өнімін еккен болса, оның 25 гектары голландиялық манас тұқымы. Ал 25 гектарына италяндық тұқым орналастырған. Сондай-ақ 25 гектарына голландиялық және италяндық қарбыз түрлерін егіп, жоғарғы өнім күтілуде. Пияз (манас сорты) алқабына толығымен су үнемдеу технологиясы енгізілген. Көкөніс, бақша алқаптарына аммиакты селитрасы, аммофос және басқа түрлі минералды тыңайтқыштар қолданылған.
Аудан бойынша жалпы 25882 га алқапқа 6 132 тонна (о.і. аммиакты селитра 2657,5 тонна, аммофос 611,4 тонна, басқа түрлері 2863,2 тонна) минералды тыңайтқыш енгізіліп, жоспар 105,5 пайыз орындалып отыр.
Сонымен қатар, көктемгі егіс және күзгі егін жинау жұмыстарына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (ШҚ, ЖШС, ЖК) арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз етілген.
Аяжан Жұмахан,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің І-ші курс студенті.
Сурет автордікі.