Жауапкершілігі мол саланың жүгі ауыр
2025 жылдың 16 қаңтары күні Шу ауданының білім беру жүйесіндегі 2024 жылдың қорытындысы мен 2025 жылға міндеттері туралы білім бөлімі басшысының м.а. Нұрбақыт Балтабайдың есебі тыңдалды. Оған жалпы білім беру мекемелерінің директорлары, мектепке дейінгі білім мекемелерінің меңгерушілері, қосымша білім беру мекемелерінің басшылары мен педагогтар қатысты.
Білім бөлімі басшысының м.а. Нұрбақыт Айтмаханұлы есеп беру барысында 2024 жылы атқарылған жұмыстар мен білім саласында жеткен жетістіктерді, сондай-ақ саладағы өзекті мәселелерді алға тартты. Баяндама соңында 2025 жылға атқарылуы тиіс міндеттерді де атап өтті. Ендеше аудандық білім саласында атқарылған міндеттер мен жеткен жетістіктерді атап өтейік.
Соңғы жылдары отандық білім беру жүйесіне бірқатар жаңашылдықтар енгізіліп, оң өзгерістерге бет түзеудеміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 10 ұлттық жобаны бекітті. Солардың бірі – «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы. Аталмыш жоба аясында 5 жылда білім саласында бірқатар жұмыстар атқарылатын болады. Атап айтқанда, ұлттық жобада балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты азайту, оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін мектептер салу, қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын құру сынды мәселелерді оңтайлы шешу жолдары қарастырылған. Бұл жобаның біздің ауданға да берері көп.
2024-2025 оқу жылында Шу ауданы бойынша 48 күндізгі жалпы орта білім беретін мектептер (6 бастауыш, 1 негізгі, 38 орта, 3 жекеменшік) бар. 2025 жылы 45 күндізгі мектепте 20829 оқушы білім алуда. Оның ішінде 38 орта мектепте – 20239 оқушы, негізгі мектепте – 71 оқушы, бастауыш мектепте – 220, жекеменшік 3 мектепте –299 оқушы білім алуда.
2025 жылы білім саласына 24 млрд 299 млн 606 мың теңге бөлініп, 2024 жылдың (26 млрд 356 млн 450 мың теңге) тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,81 пайызға кеміп отыр.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады» деп білім саласының заман ағымына сай түрленуі басты мәселе екендігін атап көрсетсе, бұл мәселелер біздің ауданымызда жыл сайын жоспарлы түрде шешімін табуда.
2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында тозығы жеткен 2 мектептің мәселесі шешіліп, құрылысы аяқталды. Яғни (Шу қаласындағы А.С.Макаренко ом сметалық құны 564 894 932 теңге, Тасөткел ауылындағы Ш.Мұртаза жоспарланған сметалық құны 403 050 816 теңге) екі мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 5 мектептің (О.Жандосов, С.Естемесов, Жамбыл, Т.Әшімбаев, М.Дулатұлы) химия, биология, физика кабинеттері жаңартылды және 1 мектепке (Е.Бекмаханов) робототехника, 1 мектепке (М.Әуезов) стэм кабинет алынды. Жалпы кабинет жаңғыртуға 2024 жылға бөлінген қаражат 144 млн теңгені құрайды. Негізгі құралдарға бөлінген 91 млн қажетті асхана құралдары, мұздатқыштар, принтерлер, тақталар, интерактивті панельдер алынды. Қала, ауыл мектептеріне қажетінше таратылды. Кітап қорына 198 млн бөлінді. Барлық мектептің кітап қоры толықтырылды.
Сондай-ақ, ауданда мектебі жоқ елді мекендерден 303 оқушы С.Сейфуллин, М.Мәметова, Т.Әшімбаев, А.С.Макаренко, Мойынқұм, Ш.Мұртаза, Жамбыл, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептеріне тасымалданып, білім алуда. Мектептерден шалғай орналасқан ауылдардың оқушыларын тасымалдауға (Көктөбе ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектебіне Бірлік 2 станциясынан 140 оқушыны, Шу қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектебіне Аң шаруашылығынан 25 оқушыны тасымалдауға 38 орындықты және Бәйдібек ауылындағы М.Мәметова атындағы орта мектебіне Бөген шаруашылығы ауылынан 19 оқушыны тасымалдауға 22 орындықты) жаңа 3 автобус берілді.
Шу ауданы бойынша екі мектеп жанындағы интернат бар. 2024 жылы Шу қаласындағы А.С.Макаренко мектеп жанындағы интернатта 50 оқушы, Шоқпар бекетіндегі О.Жандосов мектеп жанындағы интернатта 35 оқушы, барлығы аудан бойынша 85 оқушы мектеп жанындағы интернатта оқыды. 2025 жылы Шу қаласындағы А.С.Макаренко мектеп жанындағы интернатта 52 оқушы, Шоқпар бекетіндегі О.Жандосов мектеп жанындағы интернатта 32 оқушы, барлығы аудан бойынша 84 оқушы мектеп жанындағы интернатта білім алуда. Олардың ыстық тамағына 2024 жылға бюджет есебінен 77 млн теңге бөлініп, толық игерілген. 2025 жылға бюджет есебінен 32 млн 92 мың теңге жоспарлануда, бөлінгені 8 млн 44 мың теңге.
Ауданда 46 мектептің барлығында 100 пайыз бейнебақылау камералары орнатылған, жалпы 1003 камера бар. 1003 камераның 681-і цифрлық, 322-і аналогтық. Ал, 23 мемлекеттік балабақшада жалпы саны 448 камера (181 цифрлық, 267 аналогтық)орнатылған. I-II топ балабақшалары толық цифрлық бейнекамерамен қамтамасыз етілген. 160 цифрлық бейнекамера полиция бөлімшесіне интеграцияланған. Интеграция желісінің жылдамдығын ұлғайту мақсатында конкурс жарияланды, мердігер анықталуда.
2024 жылға I-II топқа жататын 41 мектептің 38 мектебінде дабыл түймесі орнатылды. 10 мектепте дабыл түймесі 2023-тен бері бар. I-II топқа жататын 22 балабақшада дабыл түймесі бар. Қазіргі таңда жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, Шу қаласында және Төле би ауылында орналасқан 16 мектепке «Алғыр» ЖШС-і ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін күзет агенттігі қызметін көрсетуде. Талап бойынша бала саны 700-ден жоғары 16 мектептің 13 мектебінде Face id функциясымен турникет бар. Ал қалған 3 мектепке Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жоспарына сәйкес 2025 жылы орнатылмақ. 2025 жылы мектептер мен балабақшаларды 100 пайыз цифрлық бейнебақылау камераларымен қамтып, кезең-кезеңімен турникет, дабыл батырламаларын орнату жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Жаңа аттестаттау жүйесіне сәйкес педагогтардың 48-і «педагог-шебер», 528-і «педагог-зерттеуші», 514-і «педагог-сарапшы», 664-і «педагог-модератор». Ескі жүйе бойынша жоғары санатты 9, 1 санатты 25, 2 санатты 36, санатсыз 602. 2024 жылы 69 жас маман келді. Барлық жас мамандар тұрақты орындармен қамтылып, сабақ беретін пәндері бойынша 16 сағат жүктемелері берілді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 23 жас маман 369 мың 200 теңге көлемінде көтерме жәрдемақы алса, ал 20 жас маман тұрғын үй алуға 9 млн 230 мың теңге бюджеттік несие алды.
2024-2025 оқу жылында 31 бірлік пән мұғаліміне тапшылық бар (математика – 5, физика-5 (орыс сыныптарына-4), орыс тілі мен әдебиеті-6 (орыс сыныптарына-2) бірлік, технология -3 (ұлдарға), роботехника-2, химия-2 (орыс сыныптарына), ағылшын тілі-2 бірлік, география-3 бірлік (орыс сыныптарына), музыка-1 бірлік, биология – (орыс сыныптарына), психолог–1 бірлік (орыс сыныптарына), алғашқы әскери дайындық-1 бірлік.
Шу ауданынан “Мақсатты мектеп” жобасына 6 мектеп (Ш.Уәлиханов ом, Д.Қонаев ом, Абай ом, С.Сейфуллин ом, А.Макаренко ом, Т.Рысқұлов ом) еніп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. «Мақсатты мектептер» жобасы аясында «Бастауыш сыныптарда халықаралық зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту» тақырыбында әдіскер-ментор Э.Наурызбаева шеберлік-сынып өткізді. Сондай-ақ, «Бастауыш мектепте құндылыққа бағытталған білім беру», «Сабақ үдерісін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу мақсатында қол жеткізу жолдары», «Оқу үрдісін ұйымдастырудағы жасанды интеллект және білім сапасын арттыру жолдары», «Игра-как активный метод обучения младших школьников» тақырыптарында семинар-практикум және шеберлік сыныптар өтті. Жоба аясында 316 мұғалім негізгі және ілгерілеу курстан өтеді.
2023-2024 жылғы наурыз айында 1017 түлектің 730-і (71,7%) ҰБТ тапсырды, қаңтар айының орташа баллы 82,9 құрады, ал наурыз айында 649 оқушы тапсырып, орташа балл 82,93% құрап отыр. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда (82,63 балл) орташа балл 0,30 жоғары. Шу ауданы бойынша 2023-2024 оқу жылында 1170 оқушы (1017-күндізгі, 153-кешкі мектептен) 11 сыныпты аяқтады. Оның ішінде 32 түлек “Алтын белгі” белгісіне, 67 түлек үздік аттестатқа ие болды.
Қазіргі таңда кәмелетке толмаған жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, соның ішінде біліммен қаруландыру, өнерге бейімдеу, спортпен шұғылдандыру мәселесі күн тәртібінде тұр. Осы уақытқа дейін мектеп жасындағы балаларды жазғы лагерьмен қамту дәстүрге айналып келеді. Облыстық «2024-2026 жылдардағы жазғы демалыс кезінде балаларды сауықтырып, демалысын, бос уақытын сапалы ұйымдастырып, өткізуге арналған іс-шаралар» жоспарын қайта пысықтап, дайындықтар жүргізілді. Білім беру мекемелерінде жазғы сауықтыру және демалыс шараларымен 9136 оқушы қамтылды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен ауылдық жерде тұратын 5-8 сыныптарда оқитын 10-14 жастағы 215 бала Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылындағы «Болашақ» лагеріне жіберілді. Шу ауданының білім бөліміне қарасты 45 мектепте, 8 мектептен тыс білім беру мекемелеріндегі үйірмелерге (тіл үйрену, спорт, қолөнер, техникалық бағыты) 9108 оқушылар қамтылды. Еңбек жасақтарында (8-10 сынып оқушылары мектептегі көгалдандыру жұмыстарына, еңбек отрядтарына) – 2550 оқушы қамтылды. Шу ауданының білім бөліміне қарасты 45 білім беру мекемелерінде мектеп жанындағы сауықтыру лагерьлері 7 күн аралығында жұмыс күндері екі ауысымда 3-28 маусым аралығында жұмыс жүргізілді. Жалпы орта білім беру мекемелері жанындағы 10 күндік сауықтыру алаңдарында 4587 бала тартылды (22 млн 935 мың теңге бөлінген, балалардың 1 күндік ақысы 500 теңге).
Шу ауданының білім бөліміне қарасты 36 білім беру мекемесінен Қордай ауданындағы жазғы сауықтыру «Балауса» лагеріне 300 аз қамтылған отбасынан шыққан білім алушылар қамтылу керек болған. Алайда 127 оқушының ата-аналары отбасылық жағдайларына байланысты және түрлі себептермен жазбаша түрде қолхат беру арқылы жазғы сауықтыру лагеріне жіберуден бас тартты. Шу ауданы білім мекемелерінен (33 мектеп) аталған жазғы сауықтыру лагеріне 173 оқушылармен қамтылды. Қала сыртындағы жазғы сауықтыру демалыс орнына аз қамтылған отбасынан шыққан 173 баланы 12 күндік (9 млн 267 мың 783 теңге 00 тиын) қала сыртындағы Қордай ауданындағы «Болашақ» сауықтыру лагеріне жіберілді.
2023-2024 жылдың ең басты жетістігі С.Сейфуллин атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Кенжебекова Мереке Лескуловна “Үздік педагог-2024” атанды. Шу ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Әметқызы Сержанкүл “Үздік әдіскер-2024” номинациясын иеленіп, 150000 теңгенің сертификатын алды. “Экология білім берудің үздік ұйымы” байқауының облыстық кезеңінен Жібек жолы мектеп лицейі І орын, Б.Момышұлы орта мектебі ІІ орын иеленсе, ал Республикалық кезеңінен Жібек жолы мектеп-лицейі жүлделі ІІ орын иеленді. “The Ulytau Educational Foundation”қайырымдылық қоры мен “Қазақмыс” корпорациясы ЖШС ұйымдастыруымен “Туған жерге қамқорлықпен” экомарафоны атты экологиялық жобалар байқауында Төле би атындағы орта мектебінің оқушылары (жетекшісі С.Харсанова) І орынға ие болып, 900000 теңге қаржылай сыйлық алса, Д.Қонаев атындағы орта мектебінің оқушылары (жетекшісі Н.Шепеленко) ІІ орын алып, қаржылай 800000 теңге иеленді, ал С.Шәкіров атындағы орта мектебінің оқушылары (жетекшісі А.Айдаралиева) ІІІ орын иеленіп, қаржылай 700000 теңгеге ие болды. Математикалық лига облыстық олимпиадасының облыстық кезеңіне 4 мұғалім қатысып, 3 орынға ие болды. Олар Байтұрсынұлы гимназияның мұғалімі Тилекеев А. К., Абай ом мұғалімі Ибрагимова А. Х., Мойынқұм ом мұғалімі Узенбаев Н. С., Жібек жолы мл мұғалімі Тулегенова Г. М. 2-7 сынып оқушылары арасындағы “Зерде” республикалық зерттеу жобалары конкурсының аудандық кезеңінен 1-ші орын алған 10 оқушы облыстық кезеңіне қатысып, оның 9-ы жүлделі орындарға ие болды. Олар Төле би, Макаренко, Бекмаханов, Әуезов, Жайсан, Жібек жолы мектептерінің оқушылары. 9-11 сыныптар арасында ғылыми жоба жарысының аудандық кезеңіне 33 оқушы қатысып, 16-сы жүлделі орындарға ие болды. Аудандық кезеңнен 1-орын алған 7 оқушы облыстық кезеңіне қатысып, Мұратбаев, Төле би, Сейфуллин мектептерінің оқушылары 2-3 орындарға ие болып, Жібек жолы, Рысқұлов, 40 мл оқушылары грамотамен марапатталды. “JuniorSkills Jambyl-2024” Облыстық чемпионатынан химия-биология құзыреттілігі бойынша А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның 10 “а” сынып оқушысы Иманбай Даяна Асхатқызы жүлделі І орынды, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту құзіреттілігі бойынша М.Мәметова атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Абдраймова Малика жүлделі ІІІ орынды иеленді. «Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында өткен «Тамыры терең – Таразым» байқауының ІІ кезеңінде С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Талғатбек Рахым ІІІ орын иеленсе, М.Әуезов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Дүйсеке Еркебұлан, С.Шәкіров атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Еркін Аруна, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Батырбек Жанеля Алғыс хатпен марапатталды.
Жиын соңында білім беру сапасын жақсартуға бағытталған нақты іс-шаралар жоспары талқыланып, алдағы атқарылатын жұмыстардың басымдықтары айқындалды.
Айғаным Асқарбек.