Ақпараттық портал

Заманауи оқытудың қыр-сырларын меңгертті

Д.Қонаев орта мектебінің базасында «Қазіргі әлемде оқушылардың ағылшын және орыс тілдері сабақтарында интеграциялануының негізгі шарты ретінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар-практикум өткізілді. Семинардың мақсаты – пәнді оқытудың тиімділік деңгейін арттыру үшін педагогтердің функционалдық сауаттылығын жетілдіру.
Осы мақсатта орыс және ағылшын тілі пәні мұғалімдері көрмелер, ашық сабақтар мен коучинг ұйымдастырды. Сол арқылы функционалдық сауаттылықтың түрлі бағыттарын көрсете алды.
Семинар «Ұлттық мәдениеттің ерекшеліктері» тақырыбындағы көрмеден бастау алып, Касенова Гүлбану Мұратқызы, Баркинхоева Лилия Дзаудинова, Мавлюдова Софья Умаровна және Комплешева Анжелика Александровалар қатысушыларға орыс және ағылшын халқының дәстүрлері мен мәдениетін таныстырды. Көрме барысында мектеп директоры Оспанова Ұлжан Абидильдақызы және аудандық білім бөлімінің әдіскері Бөлекбаева Майра Кендірбайқызы құттықтау сөз сөйлеп, семинардың мән-мазмұнына тоқталды. Майра Кендірбайқызы өз кезегінде қазіргі педагогтердің маңызды міндеттерінің бірі – функционалды сауатты тұлғаны тәрбиелеу және оқыту екенін атап өтті. «Функционалдық сауаттылық» термині қолданысқа 1957 жылы енгізілген және ЮНЕСКО ұйымымен бекітілген. Онда «сауаттылық» және «минималды сауаттылық» ұғымдарымен қатар «күнделікті өмірде пайдалану және күнделікті мәселелерді қанағаттандыру үшін оқу және жазу дағдыларының жиынтығы» деп түсінік берілген.
Сабақтарда пән мұғалімдері оқушылардың мотивациясы мен танымдық белсенділігін арттыруға ықпал ететін оқытудың белсенді формалары мен әдістерін тиімді қолданды. Әсіресе, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маслова Светлана Васильевнаның «Ф.М.Достоевскийдің «Қылмыс және жаза» романындағы кейіпкерлер жүйесі» тақырыбындағы сабағын атап өтуге болады. Сабақ интерактивті оқыту әдістерін қолдана отырып, мақсаттарға сәйкес келді.
Орыс және ағылшын тілі мұғалімдері Каримова Әлия Ильхамқызы мен Нүсіпбекова Мөлдір Нұрсұлтанқызы О.Уайлдтың «Бұлбұл және раушан» деген шығармасы арқылы жұмысқа деген оң мотивацияны қалыптастыруды алға тартты. Балалар жасанды интеллекттің көмегімен автордың аузынан өз ертегілері туралы естіп, ұмытылмас әсер алуға мүмкіндік алды. Ағылшын тілі мұғалімі Рашидова Аслы Бахтияровна 8 «А» сыныпта «Kyz-Zhibek» тақырыбында сабақ көрсетті. Қазақ лирикалық-эпикалық әндерін ағылшын тілінде оқу оқушылардың қызығушылығын тудырды. 6 «А»сыныпта ағылшын тілі мұғалімі Боранқұл Әсия Ерғазықызы Наталья Викторовнамен бірлесіп «Paul’s menu» тақырыбында интеграцияланған сабақ өткізді. Сабақта бірден екі тілді қолдану сабаққа деген қызығушылықты арттырды.
Семинар барысында Түсіпбекова Мәдина Түменбайқызы «Қазіргі әлемде оқушылардың интеграциясының негізгі шарты ретінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында коучинг өткізді. Коучингте жаттықтырушы функционалдық сауаттылыққа жалпы шолу жасады және алынған ақпаратты әртүрлі тапсырмалармен бекітті, бұл тақырыпты көбірек түсінуге ықпал етті.
Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Бөлекбаева Майра Кендірбайқызы семинар өткізуде белсенділік танытқан педагогтарға алғыс хаттар табыс етті.
Семинар соңы ұлттық билер мен әндерден тұратын шығармашылық концертпен аяқталды. Барлық қатысушылар нәтижелі семинарға риза болысты. Аудандық семинар өз деңгейінде өтті деп айтуға толықтай негіз бар.

Мадина Тусипбекова,
Д.Қонаев атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.