Ақпараттық портал

Сүт және сүт өнімдері туралы не білуіміз қажет?

Сүт – табиғаттың өзі адам үшін дайындаған ерекше тағам. Бұл өнімде адамның туғаннан бастап қарттыққа дейінгі қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін барлық қажетті заттар бар (ферменттер, май қышқылдар, кальций, дәрумендер (A, C, D және B топтары), ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, гормондар және иммунды денелер, антитоксикалық қасиетке ие). Сүт – күнделікті сұранысқа ие өнім, сондай-ақ жоғары эпидемиологиялық мәні бар.
«Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 033/2013) техникалық регламентке сәйкес сүт өнімдері шикі сүт, сүт өнімдері, сүт құрамдас өнімдер, құрамында сүті бар өнімдер, құрамында сүт майын алмастырғышы бар сүт өнімдері, сүтті қайта өңдеудің жанама өнімдері, сүт негізіндегі балалар тағамы өнімдері (сүт, сүт қышқыл қоспалары, сусындар, ботқалар және т.б.) болып жіктеледі.
«Ішуге арналған сүт» – құрғақ сүт өнімдерін, суды қоспай және тұтыну ыдысына құйылған, термиялық өңделген, кем дегенде пастерленген, сүт майының массалық үлесі 10 пайыздан кем болатын сүт өнімі. Сүт – тұтас, майсыздандырылған, нормаланған, байытылған болуы мүмкін.
Нормаланған сүт, бұл – сүт майы, сүт ақуызы және (немесе) сүттің құрғақ майсыздандырылған заттарының құрамы дайындаушының стандартына немесе техникалық құжатына сәйкес келтірілген сүт (мысалы, сүт майының құрамы 2,5 пайыз, 3,2 пайыз және т.б. дейін жеткізіледі).
Сөрелерден құрамында сүт майын алмастырғышы бар сүт өнімдерін жиі көруге болады. Егер сүт өнімдерін өндіру кезінде 50 пайыздан аспайтын мөлшерде сүт майын алмастырғыш пайдаланылса, онда мұндай өнім «құрамында сүт майының алмастырғышы бар сүт өнімі» деп аталуы тиіс. Мысалы, егер сүт өнімі қаймақ технологиясы бойынша өндірілген болса және оны өндіру кезінде сүт майын алмастырғыш пайдаланылса, онда мұндай өнім «қаймақ» деп атала алмайды. Бұл «қаймақ технологиясы бойынша өндірілген құрамында сүт майының алмастырғышы бар өнім». Таңбалауда осылайша көрсетілуі тиіс. Егер сүт майын алмастырғыштың құрамында өсімдік майлары болса, онда өндіруші таңбалауда «Құрамында өсімдік майлары бар» деп көрсетуге міндетті.
Әр алуан өнімдердің ішінен өзіңізді қауіпсіз емес және сапасыз сүт өнімдерін сатып алудан қалайша қорғай аласыз? Сізге таңбалау көмекке келеді.
Сүт және сүт өнімдерінің тұтыну қаптамасында мынадай ақпарат болуы тиіс:
• сүт және сүт өнімдерінің атауы (оның ішінде оларда сүт емес компоненттердің болуы туралы, атаулар мысалдары мәтін бойынша келтірілген). Сүт және сүт құрамдас өнімдердің қаптамасына ақпарат енгізген кезде, егер осы қаптамада бұл өнімдердің толық атаулары жазылған жағдайда, олардың қысқаша атауын оқуға ыңғайлы жағына бөлек енгізуге жол беріледі. Құрамында сүт бар өнім және құрамында сүт майының алмастырғышы бар сүт өнімі үшін тұтынушыны жаңылыстыруға жол бермеу үшін, өнімнің қысқаша атауын оның толық атауынан бөлек енгізуге жол берілмейді;
• дайындаушының атауы және орналасқан жері. Өнімнің шыққан елін және (немесе) өндірілген жерін қоса алғанда, заңды мекенжайы, сондай-ақ тұтынушылардан шағым қабылдауға дайындаушы уәкілеттік берген ұйымның атауын қамтуы тиіс;
• тауар белгісі (сауда маркасы) (бар болған жағдайда);
• таза салмағы;
• құрамына кіретін компоненттер көрсетілген өнім құрамы;
• тағамдық және энергетикалық құндылығы;
• майдың салмақтық үлесі (пайызбен) (қайта өңделген сүт, ірімшік, шикі өнімдер, балқытылған ірімшіктер, балқытылған ірімшік өнімдерінің майсыздандырылған өнімдерінен басқа) және ірімшік, ірімшік өнімдері, балқытылған ірімшік, балқытылған ірімшік өнімдері үшін – құрғақ заттағы майдың салмақтық үлесі (пайызбен);
• құрамында сүт майының алмастырғышы бар сүт өнімдері үшін – сүтті емес майдың салмақтық үлесі (пайызбен);
• дайын сүт қышқылды немесе ашытылған өнімде микроорганизмдердің болуы (сүт қышқылды, бифидобактериялар және басқа да пробиотикалық микроорганизмдердің, сондай-ақ ашытқылардың 1 г өнімдегі колония түзуші бірліктері (КТБ);
• дайын байытылған өнімде микро және макроэлементтердің, дәрумендердің және т.б. құрамы. Бұл ретте осы заттарды тұтынудың тәуліктік дозасына және өнімді пайдалану ерекшеліктеріне қатысты мөлшері міндетті түрде көрсетіледі;
• өнімнің дайындалған күні және жарамдылық мерзімі;
• сақтау шарттары, сондай-ақ егер өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі оны ашқаннан кейін өзгерсе, қаптаманы ашқаннан кейінгі сақтау шарттары;
• осыған сәйкес шығарылатын дайындаушының стандарты немесе техникалық құжаты;
• ЕАС белгісі, ГТА туралы мәлімет.
Таңбалаудағы барлық ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде, анық, оңай оқылатын, түсінікті болуы тиіс және тұтынушыларды жаңылыстырмауы қажет.
М.Саулебаев,
Шу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.
Э.Узакова,
санитариялық-гигиеналық бақылау, техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.