Ақпараттық портал

Тамақтан уланудың алдын алу

Тамақтан улану – бұл белгілі бір микроорганизмдер жаппай себілген тағамды тұтыну нәтижесінде пайда болатын жіті жұқпалы аурулар.
Тамақтан улану мен ішек инфекцияларының алдын алу әсіресе жаз кезеңінде өте маңызды. Мереке қарсаңында термиялық өңдеусіз (көкөністер – жемістер, бақша дақылдары) тамақ өнімдерін пайдалану көлемі артады, жаз кезеңінде жабайы сауда орындарында тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін сату бойынша сауда желісі ұлғаяды.
Тамақтан уланудың негізгі себептері – тамақ дайындау технологиясының бұзылуы, оларды дұрыс сақтамау және жеке гигиена ережелерін сақтамау.
Қоздырғыштардың берілуінің негізгі факторлары – бұл су, тамақ өнімдері, топырақ. Көбінесе тамақтан улану – ет-сүт өнімдері, балық және теңіз өнімдері, кремді кондитерлік өнімдер, суши, фаст-фудты пайдалану кезінде пайда болады.
Аурудың негізгі белгілері: әлсіздік, қалтырау, құсу,іштің ауыруы, нәжістің бұзылуы, дене қызуының жоғарылауы.
Тәуекел тобына балалар, жүкті әйел, қарт адамдар жатады.
Тамақтан улану қаупін қалай азайтуға болады?
1. Азық-түлікті сатып алу кезінде абай болыңыз!
2. Тамақ өнімдеріндегі жапсырмада көрсетілген жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарына назар аударыңыз.
3. Қаптамадағы жарамдылық мерзімі мен күні нақты және анық жазылуы тиіс.
4. Қаптаманың сыртқы түріне назар аудару қажет, ол зақымдалмауы және консервіленген банкалардың қақпақтары ісінбеуі қажет.
5. Термиялық өңдеуге жататын шикі ет, балық, құс етін тоңазытқышта дайын тағамнан бөлек сақтаңыз.
6. Шикі ет, балық және құс етін өңдегеннен кейін қолыңызды, пышақтарды және кесу тақталарын мұқият жуыңыз.
7. Үйде тез бұзылатын тағамдарды бөлме температурасында қалдырмаңыз.
8. Үйде тамақ өнімдерін сақтау және дайындау шарттарын қатаң сақтаңыз.Өнімнің сапасына күмәнданған жағдайда, оны қолданбаған дұрыс.
9. Жемістер, көкөністерді қолданар алдында ағынды сумен жақсылап шайыңыз.
10. Жеке гигиенаны сақтауды ұмытпаңыз, тамақ дайындау алдында қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз.
Есте сақтаңыз! Аурудың алғашқы белгілері пайда болған сәттен бастап, дер кезінде медициналық көмекке жүгініңіз. Қарапайым шараларды сақтап аурудың алдын алған жөн.
Құрметті, облыс тұрғындары мен қонақтары, өзіңізге қамқорлық жасаңыз, сау болыңыз!
Байділда Шиналиев,
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің
басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.