1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні
Азаматтық қорғаныс – бейбіт азаматтарды қорғау үшін құрылған арнайы құрылым. Уақыт өте келе бұл ұйымның міндеттері біршама кеңейтілді. Қазіргі таңда соғыс кезінде халықты қорғаудан бөлек, табиғи, техногендік және басқа да апаттар кезінде азаматтарды құтқарумен де айналысады.
1 наурызды Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні деп жариялау туралы шешім 1990 жылы ХАҚҰ Бас Ассамблеясының 9-сессиясында қабылданды. Осы іс-шара аясында жыл сайын 1 наурызда осы жаңа мереке – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін атап өту туралы шешім қабылданды. Бұл мереке Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының 1972 жылдың 1 наурызына орайластырылған. Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні жыл сайын жаңа ұранмен өткізіледі.
Биыл аталмыш күн «Азаматтық қорғаныс – халық қауіпсіздігінің кепілі» ұранымен өтеді.
ҚР ТЖМ еліміздің балалары мен қазіргі жастары арасында азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауға үлкен мән береді. Осыған байланысты жоғары оқу орындарында, мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде және басқа да оқу орындарында арнайы сабақтар өткізіледі, ойындар, жарыстар, конкурстар ұйымдастырылады, олардың барысында қатысушылар өзін – өзі қорғаудың қажетті дағдыларын игереді, әртүрлі дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде өзін қалай құтқаруды және басқаларды құтқаруды үйренеді.
Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі сіздерді 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғау күнімен шын жүректен құттықтайды.
М.Пермебаев,
Шу ауданы ТЖБ-нің аға инженері, а/қ аға лейтенанты.