Ақпараттық портал

Балабақшадағы мереке

Әз әжелер, аяулы аналар мен арулар құрметке бөленетін күні бүлдіршіндер де әже-аналарын құттықтауды ұмыт қалдырмады.
Атап айтқанда, аудан орталығындағы «Әсем» бөбекжай-балабақшасында ертеңгілік өтіп, “Бүлдіршін” тобының тәрбиеленушілері мерекелік сазды бағдарлама ұсынды. Ақ жаулықты аналары алдында ән шырқап, мың бұралып билеген ұл-қыздар риясыз ризашылыққа бөледі. Олар әуелі «Анашым» деп ән салса, артынан би биледі. Сонымен қатар былдырлаған балдай тәтті тілдерімен тақпақ айтып, қолөнерлерімен тәнті етті.
Шара соңында бөбекжай-балабақша меңгерушісі Индира Тілеужанқызы ата-аналарға алғыс білдіріп, түрлі номинацияларды кішкентай ханшайымдарға табыс етті. Осы орайда ата-ана ретінде Үміт Құдагелдиева бастаған тәрбиешілерге алғысымды білдіремін!
Динара Нұржанқызы,
ата-ана.

Leave A Reply

Your email address will not be published.