Ақпараттық портал

Салтанатты неке қию рәсімі – махаббаттың мәңгілікке бастар жолы

Салтанатты неке қию – екі жастың өмірлік серік болып, отбасылық өмірге бірге қадам басуын растайтын маңызды әрі ерекше рәсім. Бұл күн – сүйіспеншілік пен сенімнің, құрмет пен жауапкершіліктің бастауы ғана емес, сонымен қатар туыстар мен жақын жандардың басын қосатын қуанышты мереке.
Салтанатты неке қию – некені заңдастырудың ерекше түрі. Ол әдетте АХАТ бөлімінде (Азаматтық хал актілерін тіркеу) немесе арнайы безендірілген салтанатты залдарда өтеді. Бұл рәсімде қалыңдық пен күйеу жігіт өздерінің келісімдерін көпшілік алдында білдіреді, ал тіркеуші олардың некесін заңды түрде бекітеді.
Жас жұбайлар – алғашқы отбасылық құжатын – неке қию туралы куәлігін Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес, некені (ерлі-зайыптылықты) мелекеттік тіркеуді Шу аудандық АХАТ бөлімінің ғимаратында салтанатты түрде өткізуге мүмкіндіктері бар. Шу аудандық АХАТ бөлімі Төле би ауылы, Т.Әубәкіров көшесі №30 ғимаратта орналасқан.
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш тіркеуші органға мемлекеттік тіркегенге дейін күнтізбелік он бес күн бұрын беріледі. Қазіргі таңда өтінішті тіркеуші орган, электронды үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банк қосымшалары (Kaspi bank, Halyk bank) арқылы беруге болады. Салтанатты неке қию рәсімін өткізуге шақырамыз!
Шу аудандық АХАТ бөлімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.